Астанада Халықаралық кітап көрме-жәрмеңкесі өтеді

16.04.2024, 09:08
719
Астанада Халықаралық кітап көрме-жәрмеңкесі өтеді gov.kz

17-21 сәуір аралығында Астанада "Eurasian Book Fair" Еуразиялық Халықаралық кітап көрме-жәрмеңкесі өтеді.

Бұл туралы елорда әкімдігінің ресми сайты жазды.

"Eurasian Book Fair" – еуразиялық кеңістіктегі ірі мәдени-ағартушылық іс-шара. Ол бір үлкен зияткерлік платформада Еуропа мен Азия елдерінің баспа, кітап сату, ғылыми-білім беру және полиграфиялық компанияларын біріктіреді.

Іс-шараны Астана қаласы әкімдігінің қолдауымен "Фолиант" баспасы ұйымдастырады.

"Eurasian Book Fair" кітап көрме-жәрмеңкесінің негізгі мақсаттары мен міндеттері:

- Еуразия кеңістігі мемлекеттерінің мәдениетін, әдебиетін және кітап шығарудың түрлі салаларын дамыту саласындағы жетістіктерін көрсету;

- халықаралық мәдени, іскерлік байланыстарды нығайту және рухани-адамгершілік ағарту, білім беру және мәдениет саласындағы мемлекеттік, қоғамдық және кәсіпкерлік құрылымдардың белсенді ынтымақтастығын дамыту;

- кітапты насихаттау, оқуды қолдау, дамыту және насихаттау, оқырман мәдениетін қалыптастыру;

- әлеуетті оқырмандар мен сатып алушыларға жетекші баспалардың кітап өнімдерінің үздік заманауи ассортиментін, кітап шығару және полиграфия саласындағы жаңа технологияларды ұсыну.

Көрме-жәрмеңке 17-21 сәуір аралығында Гейдар Әлиев көшесі, 12, Конгресс орталығында өтеді.

Тұрсынбек Қабатовтың екінші әйелі неге әлеуметтік желіден жоғалып кеткенін ашып айтты «Баспен құлады»: Ақмола облысында 61 жастағы ер адам биіктіктен құлап көз жұмды Боралдайда 70 мың теңге үшін 26 жастағы жігіт қаза тапты Қазақстан мұражайлары мұражай күніне орай TikTok-тың халықаралық бастамасына қосылады «Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады