«Мәмбеттер тілі». Алматылық тиктокер қазақ тілін қорлаған

16.04.2024, 15:43
764
«Мәмбеттер тілі». Алматылық тиктокер қазақ тілін қорлаған canva.com

TikTok-та қазақ тілін қорлаған алматылық 21 жастағы Элина Люге сот үкімі шықты.

Бұл туралы El.kz ақпарат агенттігі хабарлады.

Элина Лю Tiktok желісінде стримға кіріп, он мыңға жуық көрерменнің алдында қазақ тіліне деген жеккөрушілігін көрсеткен.

Ол қазақ тілін ұнатпайтынын және оны “мәмбеттер тілі” деп атап, мәмбеттердің кесірінен Абай көшесінде кептеліс болатынын айтқан. Қыздың сөзінше, Алматыда ешкім қазақша сөйлемейді.

Қыздың айтқан сөзі әлеуметтік желіге тарап, қызу талқыға түскен. Полиция департаменті іс қозғап, айтқан сөзі тиісті сараптамаға жіберілді.

Шынымды айтсам, мен қазақ тілін ұнатпаймын, ол – мәмбеттер тілі" деген сөз тіркестерінде қазақ ұлтын тілдік негізде кемсітетін баға бар және бұл қоғамдық мораль нормаларын бұзады. Мұндай мәлімдемелер қазақ ұлты өкілдерінің ар-намысы мен қадір-қасиетіне қатысты қорлау болып саналады. Осы тұста ұлттық араздықты немесе алауыздықты қоздыру белгілері бар, – делінген сараптама қорытындысында.

Сот шешімі бойынша, Элина Лю қылмыстық кодекстің 174-бабы "Әлеуметтік, ұлттық, рулық, нәсілдік, таптық немесе діни араздықты қоздыру" бойынша сотталып, екі жыл ең төменгі қауіпсіздік колониясында жазасын өтейді. Ал оның баласы әжесіне беріледі.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Ресейде теракт жасамақ болған жасөспірім тұтқындалды «Екінші рет алып жатырмыз»: Мақпал Жүнісова қызы Мерейдің туған күніне ерекше сыйлық жасады Семейде 12 жастағы баланы бір топ жасөспірім соққыға жықты Әлихан Әскербай Астанада ауыр атлетикадан Азия чемпионы атанды 2 миллиард теңге жымқырған: Риддер қаласының бұрынғы әкімі сотталды Ақмола облысында су құбыры желілерін тарту үшін заңсыз жолмен алынған активтерден 21,5 млрд теңге бағытталды Бүгін әйелдер футболынан Қазақстан чемпионатының он екінші турының матчтары өтеді Алматы облысында полицейлердің арнайы операциясы нәтижесінде жасырын есірткі зертханасы әшкере болды Техастағы су тасқынынан қаза тапқандар саны 78-ге жетті, оның ішінде 28 бала бар Астана күніне арналған мерекелік бағдарлама аясында елордада ерекше отшашу өтті Жартаста қалып қойған: Құтқарушылар Шымбұлақ маңынан үш жасөспірімді тауып алды Екібастұзда жасөспірім суға батып кетті Ердоған Әзербайжан мен Ресей арасындағы шиеленіске пікір білдірді Мейірхан Шерниязов түрмеден неге ерте шыққанын түсіндірді (ВИДЕО) «Жалғыз күресіп, қиналып кеттім»: Қымбат Досжан Жәнібекке қатысты қуанышты хабарды жеткізді Алматы әуежайында балаға әйнек сынығы түсіп, жарақат алды Қарағандыда көлік отқа оранып, жеті адам қаза болды (ВИДЕО) «Жиіркенішті»: Көкшетауда ер адам далада тыр жалаңаш шешініп, қыздарды шошытты (ВИДЕО) Назарбаевтың келінінің туған күнінде ресейлік әнші Алсу әндетті Берденовке оқ атты деген Ернар Жиембайдың анасы алғаш рет мәлімдеме жасады (ВИДЕО)