«Бауыздап, кейін пәтерді өртеген»: Ақтауда әйелін өлтірген ер адам ұсталды

17.04.2024, 09:53
862
«Бауыздап, кейін пәтерді өртеген»: Ақтауда әйелін өлтірген ер адам ұсталды lada.kz

Ақтауда 14-шағын ауданда өртеніп жатқан пәтерден 52 жастағы әйелдің денесі табылды.

Көршілерінің айтуынша, азаматтық некедегі жұбайы әйелді бауыздап өлтіріп, кейін қылмысын жасыру үшін пәтерді өртеген.

Lada.kz хабарлауынша, оқиға 16 сәуір күні түнде болған. Көршілердің айтуынша, көз жұмған әйелдің аты Парахат болған. Ол тоғыз қабатты үйдің екінші қабатында тұрған. Оқиғадан соң онымен бірге тұрған ер адам ұсталған.

«Біз бәріміз таңғы сағат 05:10-да сыртқа шықтық. Бұл кезде полиция да, өрт сөндірушілер де келді. Құтқарушыларды көршісі шақырған. Білуімше, оны өлтірген адамды полиция 9-қабаттан ұстаған», – деді марқұмның көршілерінің бірі.

Үй тұрғындарының айтуынша, ер адам алдымен әйелді бауыздап, кейін пәтерін өртеуге тырысқан.

«Өрт сөндірушілер тез келіп, сөндірді. Мен кездейсоқ полицейдің қолынан марқұмның суретін көріп қалдым. Ол дәлізде еденде жалаңаш етпетінен жатыр. Қорқынышты, өте қорқынышты», – деді көршілердің бірі.

Полиция департаменті жағдайға түсініктеме берді.

«Кісі өлтіру фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті ұсталды және уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тергеу мүддесі үшін өзге ақпарат жария етілмейді» , – деді департаменттің баспасөз қызметі.

Ақбота Керімбекова ұлының үйлену тойын үйінің ауласында өткізді (ВИДЕО) Танымал актриса Әлия Әнуарбекке сырға салынды (ВИДЕО) «Қалаулым» қатысушысы өзін-өзі өртемек болды (ВИДЕО) Жетісу облысында 5 жасар қызды қағып өлтірген мас жүргізушіні сот босатып жіберген «Теңіздегі бес жұлдызды қонақүй»: Енді Каспий теңізінде круиздік лайнер қатынайды Шерзат Болаттың өліміне қатыс сот үкімі 5 маусымда шығарылады Зеленский Трамптан Ресейге қарсы жаңа санкциялар енгізуді сұрады Өскеменде ер адамды өлтіріп, мәйітін аурухана маңына тастап кеткендер ұсталды Ақжарқын Тұрлыбайдың ісі бойынша қолдан келгеннің бәрін жасадық – СІМ Айжұлдыз бен Сәкеннің Мальдивтегі романтикасы күтпеген жағдаймен аяқталды (ВИДЕО) Пәкістанда бала некесіне заңмен тыйым салынды Астанада түрік азаматы «тыйым салынған заттар» туралы әзілдеймін деп қамауға алынды Ұлыбритания соғысқа дайындық режиміне көшті – Стармер 21 млрд теңге жымқырған: «Amanat Drive» қаржы пирамидасы әшкереленді Haribo конфеттерінен каннабис табылды Каналға шомылуға барған бала суға батып кеткен Басты айыпталушы Абзал Шынасыл тағылған айыппен келіспейтінін мәлімдеді Сотталушы Шерзаттың өліміне әкесі Қаржаубайды кінәлады Синоптиктер Алматы мен Астана тұрғындарына ауа ластануына байланысты ескерту жасады «Кемпір-шал»: Сәкен Майғазиев пен жары бір-біріне қандай ерекше ат қойғанын айтты