Олжас Бектенов су тасқынынан зардап шеккен азаматтарға біржолғы өтемақы төлеуді осы аптаның соңына дейін аяқтауды тапсырды

17.04.2024, 16:58
345
Олжас Бектенов су тасқынынан зардап шеккен азаматтарға біржолғы өтемақы төлеуді осы аптаның соңына дейін аяқтауды тапсырды Үкіметтің баспасөз қызметі

Премьер-Министр Олжас Бектенов су тасқынынан зардап шеккен азаматтарға келтірілген залалды өтеу мәселесі бойынша кеңес өткізді.

Жиында қаржы министрі Мәди Такиев пен өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаевтың баяндамалары тыңдалды. Бұл туралы Үкіметтің баспасөз қызметі мәлім етті.

Бүгінгі таңда зардап шеккен 3 561 отбасына жоғалған мүлкі үшін 100 АЕК мөлшерінде біржолғы өтемақы түрінде шамамен 1 млрд теңге төленді. Зардап шеккендерге өтемақы төлеу процесі осы апта соңына дейін аяқталады.

Баспанасынан айырылған тұрғындар үшін зардап шегушінің өз таңдауы бойынша жаңа үйлер салынады немесе нарықтан дайын баспана сатып алынады. Саяжай бойынша, егер олар зардап шеккен адамның жалғыз үйі болса, осындай тетік қолданылатын болады.

Кеңесте су тасқыны салдарынан зардап шеккен өңірлердің әкімдері келтірілген залалды өтеу бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстардың ағымдағы нәтижелері туралы баяндады. Мәселен, Павлодар облысында демейшілермен бірге 119 үй бойынша залал өтеліп, тұруға жарамсыз 5 үйдің құрылысы басталды. Қостанай облысында зардап шеккендер үшін 27 пәтер сатып алынды, 1 600 отбасына әлеуметтік көмек төленді. Арқалық қаласында отбасылар ертең 18 сәуір күні жаңа үйге қоныстанады. Ақтөбе облысында 44 отбасына 94,3 млн теңге көлемінде материалдық шығын өтелді; 57 жаңа үйдің құрылысы басталды.

Әкімдіктердің жедел деректері бойынша бүгінде зардап шеккен үйлер саны – 9 627, оның ішінде 9 610 жеке, 17 көппәтерлі тұрғын үй. 2 123 үйге жүргізілген техникалық тексеру нәтижелеріне сәйкес 1 067 үй қалпына келтіруге жатпайтыны анықталды, ал 1 056 үйге жөндеу жұмыстарын жүргізуге рұқсат етілген.

Зардап шеккен тұрғын үйлерге келтірілген залалды бағалау жұмыстары жалғасуда. Үкімет басшысы бұл алдын ала жасалған деректер екенін және бірқатар өңірлердегі күрделі су тасқыны жағдайын ескере отырып, шығын ауқымы арта түсуі мүмкін екенін атап өтті. 

«Президент су тасқынынан зардап шеккен азаматтардың барлығына барынша көмек көрсетуді басты міндет етіп қойды. Су тартылған өңірлерде әкімдіктер зардап шеккен азаматтардың, жоғалған немесе бүлінген мүліктердің тізімін жасау және бағалау жұмыстарын аяқтап, шығындарды өтеуге кірісуі керек. Бұл ретте, тізімге үйлері сау, ешқандай зардап шекпеген адамдар кіріп кетпеуге тиіс. Комиссиялардың жұмысын ешқандай бюрократияға салмай, жедел ұйымдастыру қажет. Барлық тиісті қызметтер жұмылып, күшейтілген режимде жұмыс істесін», — деп атап өтті Олжас Бектенов.

Зардап шеккен өңірлер әкімдіктеріне жауапты тұлғаларды жекелеген учаскелерге бекіте отырып, су басқан ғимараттарды техникалық тексеру жұмыстарын жедел аяқтау, жобаларды жергілікті жерге байланыстыру үшін тез арада жаңа жер телімдерін анықтау тапсырылды. Премьер-Министр ықтимал су тасқынынан барынша қауіпсіз, даму перспективасы жоғары және инфрақұрылыммен қамтамасыз етілген дайын учаскелерді пайдалануды басымдық ретінде белгіледі.

Баян Мақсатқызы кішкентай екі қызымен Дубайға демалысқа аттанды (ФОТО, ВИДЕО) «Шөмішбай Сариев үйімізге жиі келетін»: Жұлдыз Әбдікәрімова еске алу кешіне арнайы шақыртумен келген (ВИДЕО) «Қуырдақты былқылдатып, әңгімеміз жарасатын қыздарыма ысқырдым»: Қарақат Әбілдина өнердегі құрбыларын қонақ қылды (ФОТО) «Шақыртуды үйімнің төріне қоямын»: Заттыбек Көпболсынұлы «Ақмаржан» хитінің авторына құрмет көрсетті (ВИДЕО) «Қой сойып, шығарып салдым»: актер Шәріп Серік тағдыры ауыр кейіпкерді сомдаған соң психологиялық ауытқу сезіне бастаған (ВИДЕО) «Қажылыққа апаруды армандап едім»: танымал блогер Дамеля ата-анасымен кіші қажылыққа барды (ФОТО) «Енелер келінін суреті арқылы дуалайды»: алматылық емші сұмдық тапсырыстары туралы айтты «Жартылай жалаңаш»: Жұлдыз Әбдікәрімованың сән апталығындағы образы сынға қалды (ВИДЕО) «Бір жыл, екі ай төледім»: танымал блогер үйлену тойын несиеге жасаймын деп күйзеліске түсті (ВИДЕО) Джиу-джитсудан Әлем чемпионы Ұлттық ұланның «Жас бүркіт» клубына қосылды ШҚО-да «Аңсаған сәби» бағдарламасы бойынша алғашқы сәби дүниеге келді Блогер Дархан Жолшыбеков 300 миллион теңгеге алған зәулім үйін оқырманына тегін сыйға бермек (ВИДЕО) Асырап алған қызын 10 жасынан бері зорлап келген орманшы өзін атып өлтірді «Мен кіммін сонша?!»: Димаш Құдайберген жанкүйеріне құрметі үшін автограф беруден бас тартты Париж олимпиадасында жүлдесіз қалған балуан Әлімхан Сыздықов әлем чемпионы атанды «Жұмада жамбасы жерге тиді…»: Сәкен Майғазиевтің туған әпкесі өмірден өтті «Қызы емес, әйелі сияқты қарағанын байқадым»: оқушысын өгей әкесі зорлап жүргенін сынып жетекші қалай біліп қойған? Бүгін Мұстафа Өзтүрік тірі болса, 70 жасқа толар еді… Демалыс күндері ауа райы қандай болады? «Сағаты – 100 миллион теңге»: Тұрсен Алагөзовтің бір күндік образы белгілі болды