"Бір Құлсарыны ойлаудың өзі қорқынышты": Ақерке Бүркітбай Атыраудағы жақындарына алаңдайтынын айтты

17.04.2024, 18:20
977
"Бір Құлсарыны ойлаудың өзі қорқынышты": Ақерке Бүркітбай Атыраудағы жақындарына алаңдайтынын айтты Ақерке Бүркітбай

“Асыл” тобының мүшесі, қобызшы Ақерке Бүркітбай су тасқынынан зардап шеккен атыраулық жерлестеріне алаңдайтынын айтты.

Aikyn.kz хабарлауынша, өнер иесі анасы мен бауырларын Алматыға көшіріп алғысы келетінін айтады.

“Сәлем, достар. Қалдарыңыз қалай? Көңіл күй жоқ. Сол баяғыдай Атыраудағы, жалпы Қазақстандағы жағдай бәрімізді алаңдатып отыр. Петропавлдың жағдайы өте нашар. Оралды су басып жатыр. Атырауға судың келіп-келмейтінін білмейді. Адамдарды бір эвакуациялайды, бір қайтарады. Халық моральдық тұрғыдан шаршады. Мен Атырау тумасы болғандықтан, барлық туыс, дос-жаран, ата-анам сол жақта. Қалай боларын білмеймін?! Иә, су келеді, кейін кетеді. Мен содан кейін болатын жағдайға өте қатты алаңдаймын. Қарапайым халық бұрынғы тұрмысын қалпына келтіре алмайды. Қаншама үй мен мал кетті. Бір Құлсарының өзін ойлаудың өзі қорқынышты”, – дейді ол.

Сонымен қатар су тасқынынан зардап шеккен анасы мен бауырларын Алматыға көшіріп алуды да ойлағанын жасырмады. Басқа да “Атыраулық ағайынның ойы қалай екен?!” деп оқырмандарына сауал тастады. 

“Атыраудағы анам мен бауырларымды Алматыға көшірген дұрыс па?! Әлде сол жақта қалып, күту керек пе?!” Ертең топан су болса, не болады?! Үйге 5 сантиметр су кіре ме, 5 метр кіре ме бәрібір. Су кірген үй тұруға жарамсыз болып қалатыны анық. Оның бәрі қалпына қалай келеді?! Бір шешімін тауып, ипотекаға болса да, үй алып, Алматыға көшіріп алғым келіп отыр. Сонда ғана жүрегім мен жаным тыныш болатын шығар?! Ой көп. Сіздер не істеп жатырсыздар, атыраулықтар?" – деп сұрады қобызшы.

Жанар Айжанова күйеубаласының шашын тықырлап алып тастады (ВИДЕО) Лидия Кәденова тағы да әже атанды (ФОТО) «Өтіріктерің ашылады»: Баян Мақсатқызы күйеуін қаралағандарға қатаң ескерту жасады «Содан бастап Трамппен жау»: Илон Маск Ақ үйде кімнен таяқ жегені белгілі болды «Шымкенттің намысын қорғаймын»: Төрехан Сабырхан шешімін өзгертті «1-курсты енді бітірген еді»: Түркістанда колледжде оқитын қызды өлтіріп кеткен 8-сынып оқушылары қатарласын тапаншамен қорқытып, ұрып-соққан Елдос Сметов пен Хабиб Меккеде кездесті (ВИДЕО) Мейіргер жігіт жасөспірімді зорлады деген күдікпен қамауға алынды Зеленский: АҚШ бізге уәде еткен 20 мың зымыранды Таяу Шығысқа берді Шерзаттың өлімі: Сотталғандардың туыстары Тоқаевтан әділдік сұрады (ВИДЕО) Павлодарда мас ер адамдар пышақ алып төбелескен (ВИДЕО) Израиль ХАМАС көшбасшысы Мұхаммед Синвардың қаза тапқанын растады АҚШ Гарвардтың шетелдік студенттеріне виза беруді қайта бастады Астанадағы автобус апатынан соң аяғынан айырылған Алуаның ата-анасы дабыл қақты Қазақстандықтардың жеке деректерін сатумен айналысқан 140 адам ұсталды Астана су қоймасы 55 жылдан кейін алғаш рет тазартылып жатыр Ақтөбеде емшіге алданғандардың саны 136 адамға жетті Айтым Шерзаттың ісіне қатысты жария етілмеген құжаттарды желіге салатынын айтты «Екеуміз де шегіп алғанбыз»: Алматыда түнгі клуб басшысы қызметкер жігітті зорлады деген күдікке ілінді (ВИДЕО)