"Анасынан аумайды": Балжан Бидаш футболшы Ұлан Қонысбаевтың жақындарымен танысты

Аиса Махамбет Редактор
18.04.2024, 17:07
2117
"Анасынан аумайды": Балжан Бидаш футболшы Ұлан Қонысбаевтың жақындарымен танысты жеке парақшасынан

Танымал әнші Балжан Бидаш “Егіз-лебіз” жобасындағы өнер көрсететін жұбы Ұлан Қонысбаевтың анасымен танысты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі жазды.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, өнер иесі футболшының анасы және қарындасымен танысып, мейрамханада жолықты. 

“Достар, мен Астанаға келдім. Қазір кіммен кездесіп отырғанымды қараңыздар. Ұланның өзі емес. Ұланның анасы мен қарындасымен кездесіп отырмын. Мені қонақ қып шақырды. Керемет жандар екен! Қарындасы Тоғжанмен бұрыннан таныспыз. Енді “Егіз-лебіздің” әңгімесі қызайын деп тұр. Ұлан анасынан аумайды екен. Оқырмандарым “Ұлан қайда, қашан шығасыздар деп сұрайды?! Қазір ол Алматыда футбол жарысында жүр екен”, – деп айтты әнші Instagram-дағы парақшасына жариялаған видеода. 

Айта кетейік, эстрада жұлдызы отандық "Егіз лебіз" музыкалық жобасында футболшы Ұлан Қонысбаевпен өнер көрсетіп жатыр. Жұбы туралы әнші бүкпесіз баяндап берген еді. 

"Ұлан екеуміз бірнеше бағдарламадан өттік. Әр бағдарлама сайын тәжірибе алып жатырмыз. Ұланға әнші болмасқа болмады. Сахнадағы дайындық бар, түсірілім, қобалжу бар. Мен көп дайындалып, дайындыққа шақыратын тәлімгер емеспін. Ұлан осы жылы маған сәтті жұп болды. Әнге икемі бар. Караокеден шықпайтын жігіт. Бағдарламаға дайындалып, арасында ұрысып қоятыным бар. Ол – Астанада, мен – Алматыдамын. Екеуміз екі жақта дайындалдық. Бірақ ешқандай қиындық тудырмады”, – деген болатын әнші. 

Фото: https://www.instagram.com/bidash_official/

Еске салайық, Балжан Бидаштың соңғы шыққан “Қателігімсің” әні ел аузында талқыланып жатыр. 

Романтика ма, дарақылық па? Тойға қайықпен кірген зейнеткерлер жұрттың мазағына айналды (ВИДЕО) Гүлзира Айдарбекова Астанадан сауда үйін ашқалы жатыр Имам қажылық үшін несие алу күнә екенін айтты Халыққа 350 келіден астам есек етін жеткізбек болғандар ұсталды «Уасилә, Христос, Тектұрмасжан»: Елімізде балаларға арналған сирек кездесетін есімдер тізімі жасалды Алматыдағы психдиспансерден екі адам қашып кетті Күйеуінің қолынан қаза тапқан марқұм әйелді мазақ еткен блогер жазаланды «АстраЗенека» және Ұлттық ғылыми онкология орталығы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды Ер адам мешіттен Құран ұрлап кетіп, оны өртеп жіберген Қазақстанға тағы бір циклон жақындап келеді «Өкпесі қара қазандай»: Илон Маск Трамптың жаңа заң жобасын «жиіркенішті» деп атады Құрбан айтта ХҚКО-лар қалай жұмыс істейтіні белгілі болды Алматыда сәбилерді сатумен айналысқан қылмыстық топ ұсталды Салыққа тоймаған Трамп енді болат пен алюминий импортына баж салығын екі есеге арттырды Алмасбек Садырбайға 1,2 млрд теңге жымқырды деген айып тағылды Қырғызстанның бұрынғы президенті Алмазбек Атамбаев 11 жыл 6 айға сотталды Астанадағы «7 бочек» кешенінде болған өрттен кейін тұрғындар уақытша қонақүйлерге орналастырылады Қазыбек Нөгербек алғаш рет классикалық шахматтан Қазақстан чемпионы атанды Газадағы көмек пунктіне шабуыл: 27 палестиналық көз жұмды, ондаған адам жараланды Ақбота Керімбекова ұлының үйлену тойын үйінің ауласында өткізді (ВИДЕО)