Діни басқарма Нүкенова мен Бишімбаевтың некесін қиған имамды жазалағанын мәлімдеді

Аиса Махамбет Редактор
18.04.2024, 19:37
1011
Діни басқарма Нүкенова мен Бишімбаевтың некесін қиған имамды жазалағанын мәлімдеді ашық дереккөзден

Қуандық Бишімбаев пен Салтанат Нүкенованың некесін қияр алдында бас мешіт имамы діни басқарма тәртібін орындамаған. Олар салт-дәстүр жолымен некелерін қиып беруін өтінген. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі жазды.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, 2022 жылдың 17 қазанында Астанадағы бас мешітте Қуандық Бишімбаев пен Салтанат Нүкенованың өтініші бойынша куәгерлердің қатысуымен болашақ ерлі-зайыптылардың некесі қиылған.

Аталған азаматтардан және олардың туыстарынан екі жастың АХАТ бөліміне тіркелгенін растайтын куәлік талап етілгенде олар "жасалып жатыр" деп жауап берген. Олар дәстүрге сай екі жақтың ата-аналарының батасы мен рұқсатын алғанын, салт-дәстүр жолымен некелерін қиып беруін өтінген.

"Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы АХАТ бөлімінде ресми тіркелмей, мұсылманша неке қиылмаған "азаматтық неке" зина болып саналатынын мәлімдейді. Жоғарыда аталған теріс сипаттағы "азаматтық некенің" шариғаттағы үкімі – харам. Мұсылман баласы арты опық жегізетін мұндай ауыр әрі лас күнәдан аулақ болуға тиіс", – делінген басқарма мәлімдемесінде.

Ал аталған мешіт азаматтардан АХАТ бөліміне тіркелгенін растайтын куәлікті табанды түрде талап етпеген. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының ішкі жұмыс тәртібін бұзған республикалық бас мешіт имамы Қыдырминге тәртіптік шара қолданылып, ескерту жасалды.

"Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының жарғысына сәйкес, басқарманың ресми діни қызметкерлері еліміздің қолданыстағы заңнамасы аясында жұмыс істейді. "Неке және отбасы туралы" 2011 жылғы 26 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы кодексінің 2-бабы 3-тармағында мемлекеттік органдар қиған неке ғана мойындалатыны белгіленген", – деді Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы.

Діни басқарма талабына сәйкес мешіт қызметкерлері неке қию рәсімі алдында болашақ ерлі-зайыптыдан азаматтық хал актілері тіркеу бөліміне тіркелгенін растайтын куәлік талап етуге тиіс.

Ақтауда асаба мен әйелінің интим видеосын таратқан күдікті ұсталды Тоқаев Мұхтар Шахановтың қазасына байланысты көңіл айтты Маңғыстауда нөсердің салдарынан жаппай жылқылар қырылды (ВИДЕО) Цирктегі жолбарыс көрермендерге қарай секіріп кетті (ВИДЕО) «Сенің даналығың жетіспейді»: Әнші Леонид Агутин досы Батырхан Шүкеновтің бейітіне барды 200 шақырымға жүгіру: қарағандылық сержант ультрамарафонда Қарулы күштердің жаңа рекордын орнатты Семейде мысығын кір жуғыш машинаға салып өлтірген қыз жазаланды Құрманғазыда киіктер қырылып, 800-ден астам өлексe табылды Өскеменде түнгі апаттан соң үш адам ауруханаға түсті Күміс жас күйбеңі: Белсенді өмір орталықтары шағым-жанжал ошағына айналған ба? 20 сәуірдегі валюта бағамы: қай қалада доллар қымбат 14 өңірге қауіп: Бүгін тұман, дауыл және үсік қатар келеді Қазақ поэзиясының өткір үні Мұхтар Шаханов қайтыс болды «Тұрсынды қимай жүр»: Алагөзовтің бұрынғы әйелі қымбат сөмкелерін көрсетті Театр актері мен оның жұбайы бір-бірін пышақтап өлтірді Өтекешева Алагөзовадағы қамзолдың түпнұсқа екенін растады Трамп: «Израиль — АҚШ-тың ең мықты досы» «Пышақпен қорқытады»: Маңғыстаудағы балабақшада жанжал өршіді Қасиетті дініміз Еуропаның төріне шықты: Германияда тұрақты азан айтыла бастады Орынборда полицейлерге оқ атқан күдікті ұсталды