988

Жел күшейеді: бүгінгі күнге арналған ауа райы болжамы жарияланды

Еліміз бойынша жел күшейеді. Оңтүстікте, оңтүстік-батыста шаңды дауыл тұрады.

Жел күшейеді: бүгінгі күнге арналған ауа райы болжамы жарияланды
Sputnik

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Қазгидромет 19 сәуірге арналған ауа райы болжамын жариялады.

Синоптиктердің болжамы бойынша, республикамыздың басым бөлігі ауқымды антициклон әсерінде болғандықтан,  жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Тек еліміздің солтүстігінде және шығысында, күндіз оңтүстік-шығыстың таулы аудандарында атмосфералық фронталды бөліктердің өтуіне байланысты жаңбыр, шығыста, оңтүстікте найзағай ойнап, жаңбыр жауады. 

Еліміз бойынша жел күшейеді. Оңтүстікте, оңтүстік-батыста шаңды дауыл тұрады. Түнгі және таңертеңгі сағаттарда  солтүстік-батыста, шығыста және орталықта тұман түседі.

Материал авторы