«Енемнің аяғына жығылдым»: Мөлдір Әуелбекова бірінші жолдасының анасы туралы айтты

Аиса Махамбет Редактор
19.04.2024, 18:06
3485
«Енемнің аяғына жығылдым»: Мөлдір Әуелбекова бірінші жолдасының анасы туралы айтты жеке парақшасынан

“Құрмет” орденінің иегері, әнші Мөлдір Әуелбекова тұрмысқа шыққан жылдардағы қиын күндерін “Мамский әңгіме” подкастында айтып берді.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, бірінші жолдасымен ажырасуына енесінің де ықпалы болғанын жасырмады. 

“30 жасқа жетіп, тұрмысқа шықтым. Айналам мен қоғамнан қысым көргенім жасырын емес. “Бала туып алуың керек, ағзаң қартайып кетеді” деп айта беретін. Менің асығыс тұрмысқа шығуыма  "Қашан тұрмысқа шығасың, уақыт өтіп барады, отырып қалдың" деген сұрақтан қашуым себеп болды. Баламның әкесімен біраз уақыт сөйлесіп, кездесіп жүрдік. Бірақ, соңғы сәтте мен ол кісіге "Біздің арамызда ештеңе болмайды, осымен қоя салайық" деп айтқанмын. Ол айтқанынан қайтпай, ертеңіне үйленуге ұсыныс жасап, алдыма келді. Сонымен тұрмысқа шықтым”, – деп бастады әңгімесін әнші. 

Алайда өнер иесінің жолдасы өзіне ештеңе ескертпестен алдап төркініне апарып тастаған. Күйеуінің ондай қадамына енесімен арадағы әңгіме себеп болған көрінеді. 

"Енем екеуміз сөзге келе беретінбіз. Ол кісі мені қабылдай алмады. Соңғы болған жағдайды айтайын. Бір күні енеммен ашық сөйлестім. "Мені қабылдайтын уақытыңыз келді ғой" деп, тіпті аяғына жығылдым. Ол кісі түсінгендей кейіп танытқан. Барлық проблема шешілді ғой деп ойлап жүргенде Көкшетаудан баламның әкесі хабарласты. "Мен Алматыға іссапармен бара жатырмын, сен үлкендеу чемоданыңа киім-кешегіңді салып, дайын отыр. Төркініңде бір аптадай демаласың" деді. Әлгі жерде қуанып, әке-шешеме қыдырып барамын деп ерекше дайындалып, бес айлық баламды қолыма алып, біздер жолға шықтық. Жол бойы баламның әкесі маған жылы сөйлеп, барлығы үшін рахметін айтып, ерекше көңіл күймен апарды. Ал үйге барғанда мінезі бірден өзгеріп, басқаша қылық көрсетті. Әкеме "Мынау қыздарыңыз менің анамды сыйламайды" деп төбемнен дәу қара тасты тастап жібергендей болды. Бағанадан бері маған жылы сөзін айтып, күліп-ойнап келе жатқан адамның бұлай құбылып кеткеніне шок болдым. Әкем "Отыр, сөйлесейік, балам" деп еді, сөзге көнбеді. Сөйтіп әкемнің бетіне есікті тарс жауып, шығып кетті. Сонымен бәрі бітті. Бір аптадан кейін, хабарласып, “Менің анам барады, әке-шешең жақсылап күтіп алсын, ұқтың ба?” деді. Дауыс көтергеніне ренжіп, үйге кіргізбедім. Мүлдем күткен жоқпыз. Соны баланы көрсетпеді деп мені кінәлапты. Балаңды көресің, бірақ әкемнің шаңырағына келмейсің" дедім”, – деп әнші басынан өткен ауыр күндерін есіне алды. 

Жанар Айжанова күйеубаласының шашын тықырлап алып тастады (ВИДЕО) Лидия Кәденова тағы да әже атанды (ФОТО) «Өтіріктерің ашылады»: Баян Мақсатқызы күйеуін қаралағандарға қатаң ескерту жасады «Содан бастап Трамппен жау»: Илон Маск Ақ үйде кімнен таяқ жегені белгілі болды «Шымкенттің намысын қорғаймын»: Төрехан Сабырхан шешімін өзгертті «1-курсты енді бітірген еді»: Түркістанда колледжде оқитын қызды өлтіріп кеткен 8-сынып оқушылары қатарласын тапаншамен қорқытып, ұрып-соққан Елдос Сметов пен Хабиб Меккеде кездесті (ВИДЕО) Мейіргер жігіт жасөспірімді зорлады деген күдікпен қамауға алынды Зеленский: АҚШ бізге уәде еткен 20 мың зымыранды Таяу Шығысқа берді Шерзаттың өлімі: Сотталғандардың туыстары Тоқаевтан әділдік сұрады (ВИДЕО) Павлодарда мас ер адамдар пышақ алып төбелескен (ВИДЕО) Израиль ХАМАС көшбасшысы Мұхаммед Синвардың қаза тапқанын растады АҚШ Гарвардтың шетелдік студенттеріне виза беруді қайта бастады Астанадағы автобус апатынан соң аяғынан айырылған Алуаның ата-анасы дабыл қақты Қазақстандықтардың жеке деректерін сатумен айналысқан 140 адам ұсталды Астана су қоймасы 55 жылдан кейін алғаш рет тазартылып жатыр Ақтөбеде емшіге алданғандардың саны 136 адамға жетті Айтым Шерзаттың ісіне қатысты жария етілмеген құжаттарды желіге салатынын айтты «Екеуміз де шегіп алғанбыз»: Алматыда түнгі клуб басшысы қызметкер жігітті зорлады деген күдікке ілінді (ВИДЕО)