«Мен кеттім!»: Танымал тележурналист өмірінде қиын жағдайлар болып жатқанын мәлімдеді

Аиса Махамбет Редактор
19.04.2024, 20:11
15725
«Мен кеттім!»: Танымал тележурналист өмірінде қиын жағдайлар болып жатқанын мәлімдеді жеке парақшасынан

Дана Нұржігіт әлеуметтік желіден уақытша қол үзетінін де айтқан.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, белгілі тележүргізуші Дана Нұржігіт өмірінде қиын жағдайлар болып жатқанын жариялады.

"Қымбатты оқырмандарым!

Әлеуметтік желідегі белсенділігімді сәл қоя тұрамын деп шештім. Біраз уақыт ештеңе салмайтын шығармын. Жеке өмірімде болып жатқан оқиғаларға байланысты.

Жоқты бар деп айтатын адам емеспін. Жүйке жұқартатын оқиғалар бастан өтіп жатыр. Бұған айналамыздағы жағдайдың да әсері бар. Қысқасы, айып етпеңіздерші! Түсініңіз мені! 

Мен, Болат Атабаев айтпақшы, “ішкі эмиграцияға” кеттім.

Бәрі орныққанда хабар беремін!", - деген ол. 

Бұл жазбаға қатысты ақын Нәзира Бердалы қолдау білдірген.

"Сіз нағыз азаматсыз ғой! Ер жігіттің басына не келіп, не кетпейді… Бас аман, жақындарыңыз аман-есен болсын. Әлеуметтік желі ешқайда көшіп кетпейді. Жарты жылдай жоқ болып, қайта кірсем, оқырманым тапжылмай сол орнында тұр екен. Дегенмен, сіз үшін алаңдайтын жандар бар, мұны біле жүріңіз", - деген қаламгер.

Тұрсынбек Қабатовтың екінші әйелі неге әлеуметтік желіден жоғалып кеткенін ашып айтты «Баспен құлады»: Ақмола облысында 61 жастағы ер адам биіктіктен құлап көз жұмды Боралдайда 70 мың теңге үшін 26 жастағы жігіт қаза тапты Қазақстан мұражайлары мұражай күніне орай TikTok-тың халықаралық бастамасына қосылады «Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады