1004

Жаңбыр, дауыл, тұман: 20 сәуірге ауа райы болжамы жарияланды

Республикамыздың басым бөлігі ауқымды антициклон әсерінде болғандықтан, жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі.

Жаңбыр, дауыл, тұман: 20 сәуірге ауа райы болжамы жарияланды
tengrinews.kz

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Қазақстан аймақтарында 2024 жылғы 20 сәуірде болатын  қауіпті метеорологиялық құбылыстарға болжау консультациясын жариялады.

Республикамыздың басым бөлігі ауқымды антициклон әсерінде болғандықтан, жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі, тек түнде Қазақстанның шығысында аздаған жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі, күндіз елдің батысында аздаған жаңбыр жауады, республиканың оңтүстігінің, оңтүстік-шығысының таулы аудандарында атмосфералық фронтальды бөлімдердің өтуімен жауын-шашын сақталады, батыста, оңтүстікте, оңтүстік-шығыста  найзағай болады.

Қазақстан бойынша желдің күшеюі күтіледі, Қазақстанның оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында шаңды дауыл, оңтүстігінде – дауыл, солтүстігінде, шығысында түнгі және таңертеңгі сағаттарда тұман күтіледі.

Материал авторы