Ақтөбе өңірінде су тасқыны кезінде өлген мал үшін өтемақы төлене бастады

20.04.2024, 09:17
1227
Ақтөбе өңірінде су тасқыны кезінде өлген мал үшін өтемақы төлене бастады Мемлекеттік органдардың ресми сайты / GOV.KZ

25 млн теңге аударылғаны белгілі болды.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, бүгінгі таңда ауыл шаруашылығы жануарларының иелеріне су тасқыны салдарынан өлген 165 бас мал үшін 25 миллион теңге аударылды.

Жалпы, өңірде 3232 бас мал өлді деген дерек тіркелді. Өртелген 3120 малдың көбі арнайы құрылғы - инсенератормен жойылған.

«Кешегі күннен бастап мал иелеріне өтемақы төлеу басталды. 165 бас малға 25 миллион теңгеқаражат бөлінді. Өтінімдерге сәйкес барлығы өтеледі. Шығынның дені Ойыл ауданында», — дейді облыстық ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасының басшысы Құсайын Сәрсембай.

Ойыл ауданына жұмыс сапарымен барған облыс әкімі Асхат Шахаров мал өлекселерінің утилизациялау барысыментанысты.

Қазірге дейін мал шығыны тіркелген 6 ауданның бесеуінде өлекселерді өртеу жұмыстарытолықтай аяқталды. Бұл шараларға республикалық эпизоотияға қарсы отрядтың 19 қызметкері мен облыстағы мамандар тартылған.

Облыстық ветеринария басқармасының басшысы Айбек Сембайдың айтуынша, көмілген өлекселердің ауаға еш зияны жоқ. Өртенген мал өлекселерінің күлі ор-шұңқырларға топырақпен көмеді. Мұнда дезинфекция жұмыстары жүргізіледі. 

Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді Bloomberg: Қазақстан маусымда мұнай тасымалын азайтады Павлодарда ер адам сүйіктісін көлікпен қабырғаға қысып, аяғынан айырды Алматы облысында 11-сынып оқушылары баланы қағып кетіп, шындықты жасыруға тырысқан Freedom Travel төңірегіндегі жанжал: отадан шыққан егде жастағы жолаушылар күні бойы әуежайда отырған Украина тұтқынындағы қазақстандық Ресей билігіне үндеу жасады Өскеменде 356 млн теңгені қолма-қол ақшаға айналдырғандардың ісіне шенеунік те араласқан Атырауда қыздың өлімі үшін сотталған мүсіншіге қатысты үкім жойылды Құлсарыдағы ерлі-зайыпты қаза тапқан жарылыстың себебі әшкере болды