«5 миллион қалыңмал сұрады»: Маңғыстау облысына келін болып түскен таиландтық қыз Ислам дінін қабылдады

Аиса Махамбет Редактор
20.04.2024, 11:35
1704
«5 миллион қалыңмал сұрады»: Маңғыстау облысына келін болып түскен таиландтық қыз Ислам дінін қабылдады жеке парақшасынан

Әлеуметтік желіде көптің назарын аударған таиландық келін енесіне сәлем салып, зыр жүгіріп қонақ күтіп жұртты сүйсіндірді. Қазақ баласы мен мұхиттың арғы жағынан келген арудың махаббаты желі қолданушыларын қызықтырмай қоймады. Таиландық аруды әулетіне келін еткен Мирастың әпкесі Қалсұлу Stan.kz тілшісіне жастардың махаббат хикаясымен бөлісті.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Ақтауға келін болған Ихваның қайын әпкесі Қалсұлу жастардың ағылшын тілін үйреніп жүріп, танысқанын айтты. Алматыдағы жоғарғы оқу орындарының бірін борт механик мамандығы бойынша аяқтаған Мирас тағдырдың айдауымен туған жері Маңғыстауға қайта оралады.

“Мирас оқуын аяқтап, Ақтауға оралып, ағылшын тілін дамытпақ болды. Ол Ихвамен ағылшын онлайн курсында танысқан. Сөйтіп 6 ай сөйлесіп, қарым-қатынас құрған. Таныстығы махаббатқа ұласты. Осыдан бір жыл бұрын Мирас қызды көру үшін Таиландқа барып келді. Барғандағы мақсаты – қызбен, оның әке-шешесімен жақынырақ танысу еді. Қыз жақ та бұл некеге қарсылық танытпады. Мирас Ихваның ата-анасының алдынан өтіп, қолын сұрап барды. Ол жақ та інімді құшақ жайып, жылы жүзбен қарсы алған. Араға бір жыл салып жастар үйленіп, отбасы боламыз деп шешім қабылдады”, – дейді Мирастың әпкесі.

Фото: Видеодан скрин 

Сөйтіп Мирастың жақындары биыл қазақтың, Маңғыстаудың салт-дәстүрімен Таиландқа барып, қызға сырға салып, елге алып келді.

“Келген күні-ақ беташар жасадық. 17 сәуір күні дүркіретіп тойын өткіздік. Біз інімнің таңдауына қарсы келген жоқпыз. Өзінің қалауы сол болды. Біз өз тарапымыздан тек қолдау көрсеттік, келісімімізді бердік”, – дейді Қалсұлу.

Ихва келе сала Ислам дінін қабылдап, мұсылман болды. Тіпті азан шақырып ат қойып, есімін өзгерткен. 

“Келініміз Ислам дінін қабылдады. Інжу деп азан шақырып атын қойды. Өзінің есімі – Ихва. Қазіргі кезде қазақтың барлық салт-дәстүрін үйреніп жатыр. Айтуынша, оған әдет-ғұрыпты үйрену қиынға соқпаған көрінеді. Сәлем салады, қонақтарды күтіп алады, алғасын да айтады. Таңырқап, жатырқайтындай ештеңе жоқ деді. Ұқсастықтар да бар екен. Мысалы, біздегі қалыңмал секілді олар да қызға ақша сұрайды екен. Негізі бастапқыда қалыңмалға 5 миллион теңге сұрады. Екі жақ өзара келіскен соң 3 миллион теңгеге тоқтады. Ол жақта да жасау, дүние деген секілді жоралғылар бар екен. Бірақ біз шетел асып келген соң ондай дүниелерді жүк қылып әкеле алмадық”, – дейді Мирастың әпкесі.

Таилықтарда қалыңдыққа әшекей-бұйым, алтын деген секілді сыйлықтар береді екен. Жігіттің жақындары да құр алақан бармады.

“Біз жақтан да сый-сияпат болды. Әжесіне, анасына алқа сыйладық. Келінге гауһар тасты әшекей тақтық. Ихваға Таиланда өз үйінде сырға салдық. Сөйтіп әкесі, әжесі бізді мейрамханада қонақ қылды. Әзірге келін ата-енесінің қолында тұрады. Ихва – олардың бірінші келіні. Жас жұбайлар алдағы уақытта Ақтау қаласында тұрады. Шетелеге кету туралы ой әзірге жоспарда жоқ. Болып жатса уақытын көре жатармыз”, – дейді Қалсұлу.

Барын салып, дәстүрді дәріптеп, сіңісіп кетуге тырысып жүрген Інжуге желі қолданушылары сүйсініп, ақ тілегін арнады. 

“Сондай сүйкімді. Бақытты болсын”, “Жүзі жылы екен, ренжітпеңіздерші”, “Сұлу келін, екі жас бақытты болсын”, “Алла тіл-көзден сақтасы”, – деп мақтауын жаудырды желідегі жұрт.

2 миллиард теңге жымқырған: Риддер қаласының бұрынғы әкімі сотталды Ақмола облысында су құбыры желілерін тарту үшін заңсыз жолмен алынған активтерден 21,5 млрд теңге бағытталды Бүгін әйелдер футболынан Қазақстан чемпионатының он екінші турының матчтары өтеді Алматы облысында полицейлердің арнайы операциясы нәтижесінде жасырын есірткі зертханасы әшкере болды Техастағы су тасқынынан қаза тапқандар саны 78-ге жетті, оның ішінде 28 бала бар Астана күніне арналған мерекелік бағдарлама аясында елордада ерекше отшашу өтті Жартаста қалып қойған: Құтқарушылар Шымбұлақ маңынан үш жасөспірімді тауып алды Екібастұзда жасөспірім суға батып кетті Ердоған Әзербайжан мен Ресей арасындағы шиеленіске пікір білдірді Мейірхан Шерниязов түрмеден неге ерте шыққанын түсіндірді (ВИДЕО) «Жалғыз күресіп, қиналып кеттім»: Қымбат Досжан Жәнібекке қатысты қуанышты хабарды жеткізді Алматы әуежайында балаға әйнек сынығы түсіп, жарақат алды Қарағандыда көлік отқа оранып, жеті адам қаза болды (ВИДЕО) «Жиіркенішті»: Көкшетауда ер адам далада тыр жалаңаш шешініп, қыздарды шошытты (ВИДЕО) Назарбаевтың келінінің туған күнінде ресейлік әнші Алсу әндетті Берденовке оқ атты деген Ернар Жиембайдың анасы алғаш рет мәлімдеме жасады (ВИДЕО) Атлант пен Астананың арасы жақындады: Бразилия мен Қазақстанның сыртқы істер министрлері кездесті Қалалардың болашағы туралы халықаралық диалог  – Қызылордадағы Ұлттық Урбан Форумына жол Украина Ресейдің әскери әуе базасына соққы жасады Қазақстандық жас балуандар Азия чемпионатында топ жарды