«Арқа сүйейтін азаматты іздейсің»: Мөлдір Әуелбекова үшінші рет тұрмысқа шығуға қатысты ойын бөлісті

Аиса Махамбет Редактор
20.04.2024, 14:11
1832
«Арқа сүйейтін азаматты іздейсің»: Мөлдір Әуелбекова үшінші рет тұрмысқа шығуға қатысты ойын бөлісті жеке парақшасынан

Белгілі әнші, өнері мен өмірі жиі талқыға түсетін Мөлдір Әуелбекова үшінші рет тұрмыс құруға қатысты ойын “Мамский әңгіме” подкастында баяндап берді.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, өнер иесінің екі некесіз де сәтсіз болып, бүгінде екі баласын жалғыз өзі бағып отыр. Алайда жалғыздықтан шаршағанын жасырмады. 

“Тағы тұрмысқа шығуға дайынмын деп ойлаймын. Іскер әйелміз, өзімізді-өзіміз бағамыз. "Мен сүріндім, мені тастап кетті" дейміз де, бала-шағаны бағып, ер адамның тірлігін істеп жүрміз ғой. "Өзім" дегеннің артында әлсіз әйел тұр. Ол табиғи құбылыс, жаратылыс. Бір арқа сүйейтін азаматты іздейсің. Көп жұмыс істеуге шаршаймын. Бірақ жұмыс істемесең тағы болмайды. Бала-шағаңның киініп, жақсы білім алғанын қалайсың. Өзің де әлемнің кереметін көргің келеді”, – деп жан сырын ақтарды әнші. 

Одан кейін эстрада жұлдызы жұмыстың бәрін азаматына артып қойып, өзі еркелеп жүргісі келетінін айтты. 

“Кейде бәрін ер адамға ысырып тастап, еркелеп өмір сүргім келеді. Бірақ маған ондай мүмкіндік әлі бермеді. Құдай ондай ер-азаматты жолықтырмады. Бірақ мені алда сол адам күтіп тұр деп ойлаймын. Соған сенемін. Менің еркелігімді көтеретін, әйелдік қасиетімді алға шығаратын, еркелететін, алақанында аялап, менің балаларымды өз баласындай көретін, асырап, бағып, бірге қыдыратын ер адам болады деп ойлаймын. Менде ондай нәрсе болмағасын, қатты қызығамын. Ішкі күйім де соған дайын сияқты", – деді өнер иесі. 

Семейде балаларға қарап әдепсіз әрекет жасаған ер адам ұсталды (ВИДЕО) Шавкат Рахмоновтың бұрынғы жары бесінші рет ана атанды Баян Алагөзова өзін «Баян-шаян» деп келемеждеген емшіні сотқа бермек «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім» деген ресейлік әйел қамауға алынды Тұрсынбек Қабатовтың екінші әйелі неге әлеуметтік желіден жоғалып кеткенін ашып айтты «Баспен құлады»: Ақмола облысында 61 жастағы ер адам биіктіктен құлап көз жұмды Боралдайда 70 мың теңге үшін 26 жастағы жігіт қаза тапты Қазақстан мұражайлары мұражай күніне орай TikTok-тың халықаралық бастамасына қосылады «Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды