"Құрт-май сатып, бала-шағасын асырап отыр": Гүлзира Айдарбекова су тасқынынан зардап шеккен әйелдердің әңгімесін тыңдады

Аиса Махамбет Редактор
20.04.2024, 17:53
1469
"Құрт-май сатып, бала-шағасын асырап отыр": Гүлзира Айдарбекова су тасқынынан зардап шеккен әйелдердің әңгімесін тыңдады бейнежазбадан алынған кадр

Белгілі продюсер Гүлзира Айдарбекова су басқан батыс өңірін бір топ әріптестерімен аралап жүр. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі жазды.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, өнер өкілі су тасқынынан зардап шеккен ауыл-аймақтар аралап, ауыл тұрғындарымен әңгімелесті. 

“Неше күн жүріп, бір емес бірнеше жерлерді Атырау, Орал, Ақтөбе барлығын ерінбей аралап, қолымыздан келген көмекті өздеріне көзбе көз тапсыра отырып, халықтың мұң-мұқтажын тыңдадық. Айтып тұрып жылап та біздерді қоса жылатты да. Титымдайынан от басын құрғаннан бастап қанша еңбегімен жиған, тіптен дүние мүлкімен ыстық ұяларынан айрылған, үстілерінен дұрыс киімдерін киіп те азын аулақ заттарын да алып үлгермей, 5-6 бала-шағаларын жетектеп шыға салған қаншама ана көз жасына ерік берді. Әрқайсысын құшағыма қысып, беттерінен сүйіп жұбатқаным болмаса қолдан келер не шара?! Әйелдер біздер түгілі бізбен бірге барған өнердегі ер азаматтардың жүрегі қарсы айрылып көңіл-күйлері түсіп қайтты. Қолдарынан бар келетіні жұмыла түгел қария мен балаға дейін, қапшыққа топырақ толтырып айнала қоршау жасап жатыр”, – деп жазды продюсер. 

Сондай-ақ өнер өкілі апаттың қалай басталғанын куәгерлерден сұрап, мән-жайға қанық болды. 

“Жанымда тұрған келіншек үйінің шатырының үстінде бала-шағасымен 3 күн жатыпты. Бұл сіңлім қаймақ, сүт, айран, құрт сатып, нәпақасын табады екен. Үйіне еврожөндеу жасатып, биыл толық бітірген екен. “Құрт жайған сайын Сізді және Қайраттың құртты жақсы көретіні есіме түсетін. Менің дәмді құртымды қашан жеп көреді екен, бірақ олар алыста ғой. Біз оларды көрмейміз ғой деп ойлаушы едім. Сізбен осылай жолықтырды. Менің құрттарым суға кетіп, үйім тас-талқан болды” деп жылағанда жүрегім езілді”, – деп жазды.

Рим папасы Путин мен Зеленскийге келіссөзді Ватиканда өткізуді ұсынды Атыраулық еркек бес жыл бойы өгей қызын зорлап келген «Соғыс тоқтамайды»: Украина мен Ресей арасындағы келіссөз екі сағатқа да созылмады Путин Қасым-Жомарт Тоқаевты туған күнімен құттықтады Ақтөбеде бизнесмендерді бопсалаған «Антикор қызметкері» ұсталды Бүгін бірнеше өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланды «Қыздың бәрін ғашық қылған»: Тамара Асар тәлімгер Мұхамеджан Тазабектің серілігін айтты (ВИДЕО) «Мәдинаға келіп-кетіп жүретін»: марқұм әншіге Болат Назарбаев зәулім үй сыйлағаны белгілі болды Free Fire алаяқтығы: Шымкенттік оқушы «үздік» ойын аккаунты үшін 2 миллион теңгеден айырылған Назарбаев мектебіне түскен оқушы қуаныштан жылап қалды (ВИДЕО) «Шоколад орнына телефон»: Павлодардағы түрмеге телефон жасырып кіргізбек болған Астанада жеңіл көлік жолдан өтіп бара жатқан баланы қағып кетті Жапонияда қылмыстық топ құрған өзбек жігіттер ұсталды (ВИДЕО) Ұлыбритания Ресейге қарсы санкцияларды күшейтуге шақырды «Шерзатты шатастырып ұрып кетіппін»: Сотта күдікті Белқожаев жауап беріп жатыр «Көзінің ішінде оқ бар»: Ақтауда 11-сынып оқушысын жасөспірімдер атып кетті «Келесі күні мектепке бардым»: Айыпталушы жасөспірім Шерзаттың отбасынан кешірім сұрады Танымал балуанның үйінде құлдықта болдым деген Мұқанның ісі тоқтатылды «Ақшаны алмадым»: Жамбылдық әйел асырап алған баласын оқтаумен ұрған Трамптың он бірінші немересі дүниеге келді