«16-қабаттан секірмек болдым»: Мөлдір Әуелбекова жүйкесінің сыр бергенін жасырмады

Аиса Махамбет Редактор
20.04.2024, 18:38
1681
«16-қабаттан секірмек болдым»: Мөлдір Әуелбекова жүйкесінің сыр бергенін жасырмады жеке парақшасынан

Қазақ эстрадасының жарық жұлдызы Мөлдір Әуелбекова күйзеліске түсіп, өзіне қол салмақ болған кезін “Мамский әңгіме” подкастында айтты.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, өнер иесі екі баламен жалғыз қалғанда көмектесіп, қарайласатын ешкім болмағанын айтты. 

“Мені күйзелістен алып шыққан – жұмыс. Үйде отырғым келмейді. Ойым бөлініп, алаңдап, адамдармен араласқанды жақсы көрдім. Одан кейін ата-анам – басты қолдаушым. Қай кезде де менің жанымда болды. Балаларымды тастап кетіп, концерттерге шығып жүрдім. Таудай болып артыңда тұратын әке-шеше екен. Мен жылап, үйге келгенде олар мүлдем көзіне жас алған жоқ. “Ештеңе уайымдама, бәрі жақсы болады. Жиналып, жұмысыңа кіріс” деді. Ол күндердің бәрі артта қалды ғой. Көпке дейін басымнан өткен жағдайды ұмыта алмай жүрдім. Бірақ тез есімді жиып, етегімді жинап алдым”, – деді әнші.

Сонымен қатар екінші баласын дүниеге әкелгенде эстрада жұлдызының жүйкесі сыр беріп, дәрі де ішкен. 

“Екінші күйеуімнің әйелі мен бала-шағасы барын естігеннен кейін, кетіп қала алмадым. Өйткені жүкті едім. Отбасымды сақтауға тырысып, шыдадым. Бірақ күйеуім өзінің отбасына кетті. Ұлыммен жалғыз қалдым. Сол кезде жүйкем сыр берді. Аяғым ауыр, балам – кішкентай. Ол жылайды, мен мына жақта оны жұбатуға шамам жоқ. Ата-анама ештеңе айтпаймын. Үйге келгенде менің түрімді көріп, шошып кетті. Сол кезде-ақ балама психикасы сау ана керегін түсіндім. Тіпті, 16-қабаттан секіруді ойладым. Бұл қиындықтан шығатын басқа жол көрмедім. Жоғарыдан төменге қарап тұрғанымда есік қағылды. Менің екінші некемдегі барлық құпияны “Назар” тобындағы қыздар ғана білетін. Солар үнемі келіп, жалғызсыратпайтын. Сол кезде Еркежан келіп қалды. Менің ойым бөлініп кетті. Одан кейін жүйкемнің сыр бергені денсаулығыма әсер етті. Саусақтарым өзіме бағынбай, қалтырай бастады. Дәрі ішуге дейін жеткізді. Қызымды босанғаннан кейін, бірден омыраудан шығардым. Өйткені өзімнің денсаулығым жоқ еді. Қазір бәрі артта қалды. Балаларым есейді, шығармашылығымды қолға алып жатырмын”, – деді әнші. 

Семейде балаларға қарап әдепсіз әрекет жасаған ер адам ұсталды (ВИДЕО) Шавкат Рахмоновтың бұрынғы жары бесінші рет ана атанды Баян Алагөзова өзін «Баян-шаян» деп келемеждеген емшіні сотқа бермек «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім» деген ресейлік әйел қамауға алынды Тұрсынбек Қабатовтың екінші әйелі неге әлеуметтік желіден жоғалып кеткенін ашып айтты «Баспен құлады»: Ақмола облысында 61 жастағы ер адам биіктіктен құлап көз жұмды Боралдайда 70 мың теңге үшін 26 жастағы жігіт қаза тапты Қазақстан мұражайлары мұражай күніне орай TikTok-тың халықаралық бастамасына қосылады «Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды