Балаларды теуіп, шыбықпен қорқытқан: Шымкентте балабақшада тәрбиеші көмекшісінің әрекеті шу шығарды

21.04.2024, 14:33
896
Балаларды теуіп, шыбықпен қорқытқан: Шымкентте балабақшада тәрбиеші көмекшісінің әрекеті шу шығарды бейнежазбадан алынған кадр

Шымкентте жекеменшік балабақшалардың бірінде тәрбиешінің балаларды ұрып, кейін шыбын-шіркей өлтіретін шыбықпен қорқытып, қатарға тұрғызғаны бейнебақылауға түсіп қалған. Мұны білген ата-аналар шу шығарды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі жазды.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, ата-аналар бұл кадрларды TikTok желісіне жариялап жіберген. Кейін олар балабақшаға полицейлерді шақырып, құжаттарын алып кеткен. Айтуларынша енді төленген төлемді қайтара алмай жүр екен.

Деректерге сай қазір балабақша да бос тұр. Басшылықтың да, тәрбиешінің де қарасы көрінбейді екен.

Шымкент қаласының білім басқармасы жарияланған кадрларда тәрбиешінің көмекшісі бейнелен. Оқиға Наурыз мерекесі кезінде болған. Тәрбиеші әрекетін тек балалардың шулағанын басу үшін жасағанын айтып ақталған. Бұл жанжалдан соң тәрбиешінің көмекшісі өз еркімен жұмыстан шығып, жеке балабақша меңгерушісі қатаң сөгіс алған.

"Жекеменшік балабақша мемлекеттік-жекешелік әріптестік аясында жұмыс істейді. 45 бала қарауында. Әлеуметтік желілерде тараған видеода-тәрбиешінің көмекшісі түскен. Оның білімі жоқ, ол балабақшада 2023 жылдан бері жұмыс істейді. Басшылық оның балаларды теппегенін, тек тым шулап кеткесін осылай қорқытқысы келгенін айтты. Балалар физикалық жарақат алмаған, бірақ психологиялық жарақат алғаны белгілі болды. Қазіргі уақытта ата-аналар бізге шағымданбады”,- деді Шымкент қаласы білім басқармасының мектепке дейінгі мекемелер бөлімінің басшысы Әйгерім Ерсаева.

Видеоға құқық қорғау органдары да жауап берді. Шымкент қаласы полиция департаментінің баспасөз қызметі факт бойынша тексеріс жүріп жатқанын хабарлады. Сараптамалар тағайындалып, соның нәтижесі бойынша процестік шешім қабылданатын болады екен.

Қазақстан мұражайлары мұражай күніне орай TikTok-тың халықаралық бастамасына қосылады «Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО)