Туған күнінде құрбыларына көк орамал таратқан Қарақат Әбілдина сынға қалды

Аиса Махамбет Редактор
21.04.2024, 15:50
12422
Туған күнінде құрбыларына көк орамал таратқан Қарақат Әбілдина сынға қалды бейнежазбадан алынған кадр

Әнші Қарақат Әбілдина кеше 46 жасқа толды.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, әнші туған күнінде Германияда болған болатын. Әнші елге оралғаннан кейін құрбы-достарына шағын дастарқан жайып, туған күнін атап өтті. Бұл туралы Massaget.kz жазды.

"Достар, менің туған күнім әлі жалғасып жатыр. Бүгінгі кеш осындай жақсы адамдардың ықылас-ниеті, тілегінен туындады. "Биыл туған күніңде шетелде болдың, құттықтай алмадық" деп сыйлығын үйге жіберген, қайда жүрсем де ықылас-ниетін білдіріп жүрген жақын адамдарымның басын бір қосайын деп осындай шағын отырыс ұйымдастырып жатырмын. Көтермесек көңілді кір басады дейді. Елдегі жағдай реттеліп жатқан сыңайлы. Алла өзі жар болсын, - деді әнші инстаграмдағы сторисінде.

Қарақат Әбілдина құрбыларына қарақат жемісі бейнеленген көк орамалдар сыйға тартты. 

"Әдемі, жарасымды, иә? Бүгінгі кеш үшін, ықылас-ниеттерің үшін рақмет алтындарым!", - деп жазды ол.

Алайда желі қолданушылары орамалдың түсіне мән беріп, әншінің көк түсті таңдағанын сынға алды.

"Қазақ дәстүрін білетін Қарақат қазақ әйелдеріне көк орамал жапқаның дұрыс болмады. Қазақ әйелдері ешқашан көк жабылмасын", "Көк түсті баласы қайтқан әйелдер тартады. Әлі есімде бала кезімде көрші апаның ұлы кайтыс болды, ол заманда көк бояуға бояп тартқанын көргенмін. Содан бері көк орамалды жаман көремін", "Әрине орамал әдемі, бірақ түсі өте жаман", "Орамал жапқаныңыз дұрыс шығар, бірақ көк түсті қазақ әйелі басына салмаған. Алла сақтасын! Қазақтың ырым-тыйымдары текке айтылмаған", - деп жазды желі қолданушылары.

Баян Алагөзова өзін «Баян-шаян» деп келемеждеген емшіні сотқа бермек «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім» деген ресейлік әйел қамауға алынды Тұрсынбек Қабатовтың екінші әйелі неге әлеуметтік желіден жоғалып кеткенін ашып айтты «Баспен құлады»: Ақмола облысында 61 жастағы ер адам биіктіктен құлап көз жұмды Боралдайда 70 мың теңге үшін 26 жастағы жігіт қаза тапты Қазақстан мұражайлары мұражай күніне орай TikTok-тың халықаралық бастамасына қосылады «Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды