1542

Әнші Динара Әлжан Атырауда су тасқынынан зардап шеккендерге көмек көрсетті

Болат Назарбаевтың тоқалы болған әнші Динара Әлжан туған жері Атырауға 100 мың теңге қаржылай көмек көрсетті.

Әнші Динара Әлжан Атырауда су тасқынынан зардап шеккендерге көмек көрсетті
жеке парақшасынан

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, өнер иесі өзінің Instagram парақшасында Атырау облысының әкімі Серік Шәпкеновпен бірге түскен суретін жариялады. Содан соң туған жеріне қол ұшын созғанын мәлімдеді. Бұл туралы Aikyn.kz жазды.

"Қайырлы түн, жақсыларым! Қалайсыздар? Елімізде болып жатқан соңғы жағдайлар бәрімізге оңай болмай жатыр. 10 облыс су астына кетті. Өз туған жерім Атырауға осы жағдай басталғалы көмек көрсетіп келе жатырмын. Instagram-ға жария етуді ұнатпаймын, бірақ та мен халқыммен бірге екенімді көрсеткім келеді.

Қиындықта шетте қалмайық, аз да болса @asarume_kz арқылы жұртымызға көмектесейік", - деп жазды Динара Әлжан.

Материал авторы

Аиса Махамбет
Аиса Махамбет Редактор