Әскерде жоғалып кеткен жігіт анасымен 28 жылдан кейін қауышты

22.04.2024, 09:25
2149
Әскерде жоғалып кеткен жігіт анасымен 28 жылдан кейін қауышты видеодан кадр

Атырау облысынан 28 жыл бұрын әскерге аттанған жігіт Алматы облысынан табылды.

Бұл деректі Қызылқоға аудандық мәслихатының депутаты Есенбай Нұров растады. 

«Біздің аудандағы Ойыл ауылдық округінің орталығы – Жасқайрат ауылынан Бейбіт Қозыбаев 1996 жылғы күзде әскерге шақырылған еді. Сол кезде мен аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімнің басшысы едім. Ол бастапқыда Батыс Қазақстан, кейін Маңғыстау облысындағы әскери бөлімде борышын өтеген. Бірақ кейін отбасына оралмай, хабар-ошарсыз кетті. Оның мұндай қадамға не себептен барғаны белгісіз. Анасы Маржан апай аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімге ай сайын келіп, ұлының хабарын біліп беруді жиі сұрайтын еді. Баласын бір көруді аңсаған ана «Бармысың, бауырым» бағдарламасы арқылы да іздеу салды», - дейді Есенбай Нұров. 

Оның айтуынша, 28 жыл бұрын әскерге аттанған Бейбіт Қозыбаев 1977 жылы туған. Жақында ол сыныптастарымен TikTok желісі арқылы байланысқа шыққан. 

«Бұл жаңалыққа бәріміз қуандық. Әсіресе, анасының, туыстарының қуанышында шек жоқ. Оны әскерге шақырған менің де мойнымнан ауыр жүк түскендей болды. Қазір Бейбіт Қозыбаев Алматы облысындағы Байсерке ауылында тұрады екен. Үйленген, 4 баласы бар. Осы кезге дейін хабар-ошарсыз жүргені үшін Бейбітті кінәлаудың жөні жоқ. Өмірде түрлі жайт болуы мүмкін. Ең бастысы, ол аман-есен табылды. Анасы Маржан апай Байсерке ауылына барып, ұлымен кездесті. Бейбітті маңдайынан иіскеп, құшағына басты. Сарғайған сағынышын басты», - дейді Есенбай Нұров. 

Тұрсынбек Қабатовтың екінші әйелі неге әлеуметтік желіден жоғалып кеткенін ашып айтты «Баспен құлады»: Ақмола облысында 61 жастағы ер адам биіктіктен құлап көз жұмды Боралдайда 70 мың теңге үшін 26 жастағы жігіт қаза тапты Қазақстан мұражайлары мұражай күніне орай TikTok-тың халықаралық бастамасына қосылады «Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады