3380

Елімізде TikTok бұғатталуы мүмкін

Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева Қазақстанда TikTok әлеуметтік желісін бұғаттау мәселесі қаралатынын айтты.

Елімізде TikTok бұғатталуы мүмкін
dgl.ru

(Tik Tok-ты) бұғаттау мәселесінде көрші елдердің тәжірибесін қарастырып отырмыз. Бүгінде әлеуметтік желідегі материалдарда құқықбұзушылық дерегі көбейіп кетті. Оны өздеріңіз де көріп отырсыздар.

Бұл біздің ұлттық қауіпсіздімізге қауіп төндірсе, әлбетте осындай шараларды қабылдауға тура келеді. Ол (TikTok-ты бұғаттау мәселесі) шешілмеген. Бұл мәселе әлі қарастырылады», - деді Аида Балаева Мәжілістің жалпы отырысынан соң.