Ақтаудағы көпқабатты үйдің подъезінде болған оқиғаның видеосы әлеуметтік желіде тараған болатын. Бейнебақылау камерасына түсіп қалған кадрдан ер адамның кішкентай балалардың көзінше алдымен әйелдің қолын қайырып, аузын жауып тұрғаны көрінеді. Кейін жан-жағына қарап, ешкім жоқ екеніне көз жеткізбек болады. Содан кейін әйелді лифтіге итеріп кіргізіп, жерге құлатып, ұра бастайды. Бейнежазбадан баланың қорқып жылағаны, әйелдің айқайлағаны естіледі.
Маңғыстау облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, күдікті қолға түскен.
«Күдікті ұсталып, Ақтау қаласы ПБ уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды. Қылмыстық іс қозғалды. Тергеу мүддесі үшін өзге ақпарат жария етілмейді», – деп хабарлады Маңғыстау облыстық Полиция департаменті.