Ақмола облысында асырап алған баласын өлтіріп, үйінің ауласына көміп тастаған әйел ұсталды

24.04.2024, 11:15
1031
Ақмола облысында асырап алған баласын өлтіріп, үйінің ауласына көміп тастаған әйел ұсталды canva.com

Қазір күдікті ретінде 60 жастағы әйел қамауға алынды.

Ақмола облысында асырап алған баласын өлтіріп, денесін үйінің ауласына көміп тастаған әйел ұсталды. Бұл жантүршігерлік қылмыс Щучье қаласында осыдан төрт жыл бұрын болған. Бес жетімекті қамқорлыққа алғандар екі жасар баланы өлтіріп тастаған. Бірақ оны осы күнге дейін ешкім білмеген, деп хабарлады КТК телеарнасы.

Бұл қылмыс аяқастынан әшкере болған. Асыранды балалардың бірі жақында басы жарылып, миы шайқалып ауруханаға түскен. Бағып алған анасы дәрігерлерге байқамай, өлген баланың туу туралы куәлігін әкелген. Ал науқас баланың таяқ жегені анықталған. Осыдан кейін полиция бұл отбасын терксере бастайды. Сөйтсе, асырап алған екі жасар ұлы осыдан төрт жыл бұрын қайтыс болған. Оны ешкімге айтпай, бақшаға апарып көме салған. Ақыл-есі кем, денсаулығының кінәраты бар бес балақайды қамқорлыққа берген жауапты мекеме олардың бірін тіпті о дүниелік болғаннан кейін заңдастырған. Енді олар да заң алдында жауап береді.

Қазір күдікті ретінде 60 жастағы әйел қамауға алынды. Күдіктінің 29 жастағы қызы да тергелуде.

«Жас баланың мәйіті табылуына байланысты ҚР ҚК 99-бабы 3-тармағы, яғни «Адам өлтіру» бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. 2018 жылғы ұл бала қайтыс болғаннан кейін асырап алушылар тиісті мемлекеттік мекемеге хабар бермеген. Қазір сот-медициналық және басқа да сараптамалар тағайындалды. Тергеу ісіне байланысты басқа ақпарат жария етілмейді», – дейді Ақмола облысы ПД бастығының орынбасары Бахтияр Өтекин.

Instagram-дағы жанжалдан кейін жасөспірімді өлімші етіп ұрып, өлтіріп кеткен Әскери-техникалық мектепке – 25 жыл «Бас сүйек-ми жарақаттанған»: Ақтауда қауіпті ойыннан кейін оқушы ауыр жарақат алды Астанада дұрыс тамақтану тақырыбында отбасылық аспаздық мереке өтті Әзілкеш Нұрсұлтан Жақсыгеннің бұрынғы әйелі күйеуінің 8 ай алимент төлемегенін айтты Блогерлердің жарнамасына сенген ата-аналар алданып қалған (ВИДЕО) Қордайда 15 жастағы қызды өз әкесі мен кіндік әке-шешесі зорлаған (ВИДЕО) BI Group басшысы сүттің кесірінен дертке шалдыққанын айтты «Албасты деді»: Меруерт Түсіпбаева халық әртісі Майра Ілиясовадан кешірім сұрады Оралда жазасын өтеуші түрме ауласында жалаңаш жүрген (ВИДЕО) «17-қабаттан лақтырамын деп қорқытты»: Ақтауда ер адам әйелін сағаттар бойы азаптаған Трамп пен Путин 2 сағат бойы не туралы сөйлесті? АҚШ келесі келіссөз соңғы деп сендірді «Мына қыз сенің кәрі шешеңді бағады»: Бейсен Құранбектің жары алғаш рет сұхбат берді (ВИДЕО) «Қамауға алды»: Стэнд-ап комик Нұрлан Сабыров Ресейден шығарылмақ (ВИДЕО) Түркістандағы мектеп формаларын тігетін фабриканы қытайлық компания ашатын болды «262 500 теңге»: Күзде стипендия өседі Әскери борышты өтеу ешқашан кеш емес: Астаналық ұландықшеру кезінде жасаған әсерлі қылығымен желіде жұлдызға айналды Еліміздің барлық өңірінде дауылды ескерту жарияланды «Келін түсірмесек, істемейміз»: Сәкен Майғазиев ұлының үйлену тойына дайындықты бастады (ВИДЕО) «Мақпалдың бетін мен аштым»: Мұхамеджан Тазабек Заманбек Нұрқаділов туралы айтты