"Әділетсіздік жасадым": әнші Алсу бес жыл бұрын Ержан Максимді жүлдеден тайдырғанын мойындады

24.04.2024, 16:50
808
"Әділетсіздік жасадым": әнші Алсу бес жыл бұрын Ержан Максимді жүлдеден тайдырғанын мойындады mixyfotos.ru

Микелла қарсыластары Ержан Максим мен Валерий Казаковтан басып озды.

Танымал ресейлік әнші Алсу қоғам наразылығын тудырған “Голос дети – 2019” шоуында қызының жеңіске әділ жолмен жетпегенін “Ваша Наташа” подкастында айтып берді,  деп хабарлайды Aikyn.kz.

Еске салайық, бес жыл бұрын поп-жұлдыздың кіші қызы Микелла Абрамова "Голос. Дети" шоуына қатысқан. Оның суперфиналдағы өнері ең үздік деп танылып, жас әнші жеңіске жетті. Микелла қарсыластары Ержан Максим мен Валерий Казаковтан басып озды. Алайда қолдан дауыс жинаған деген күдікке ілініп, тыңдарман қауымның сынына ұшыраған еді. 

“Ол кезде ештеңе ойлай алмайсың, кез келген ана сияқты балаңа көмектескің келеді. Жобадағы басқа аналардың біреуінің 10 мың жазылушысы бар, біреуінде 50 мың, біреуінде 100 мың жазылушы. Әркім өз туыстарына қоңырау шалады, әркім дауыс жинайды. Менің 2 миллион жазылушым болған, жұлдызды достарым мен әріптестерімнен қызыма дауыс беруді өтіндім. Бірақ мұның арты дұрыс болмады” – дейді Алсу.

Өнер иесі қаншама өзіне айтылған негатив пікірге қарамастан, әннен қол үзбеген. Тіпті, ашуланып, ата-анасына ренжіп, эмоция білдірмеген. Алайда анасы 11 жасар қызының хейтпен қалай күрескені ауыр тигенін мойындайды.

“Мен өзімді ойламадым, мүлдем мән бермедім, тек баламның қазіргі жағдайына алаңдадым. Микелла өте ақылды қыз, ол табандылықпен шыдады, ол тіпті уайымын көрсетпеді. Бізде үйде ешкім ашуын көрсетпейтін, ол мұның бәрін басынан өткерді. Мен ана ретінде бұл үнсіздіктің артында мұң мен көз жасы жасырынғанын түсіндім. Біз бұл тақырыпты ерекше талқылаған жоқпыз, терең де қазбалап, бойламадық, – деп мойындады әнші.  

Еске салайық, даулы жанжалдан кейін, Ержан Максим мен Микелла Аврамова “Это любовь” әнін бірге шырқаған еді. 

Екібастұзда жасөспірім суға батып кетті Ердоған Әзербайжан мен Ресей арасындағы шиеленіске пікір білдірді Мейірхан Шерниязов түрмеден неге ерте шыққанын түсіндірді (ВИДЕО) «Жалғыз күресіп, қиналып кеттім»: Қымбат Досжан Жәнібекке қатысты қуанышты хабарды жеткізді Алматы әуежайында балаға әйнек сынығы түсіп, жарақат алды Қарағандыда көлік отқа оранып, жеті адам қаза болды (ВИДЕО) «Жиіркенішті»: Көкшетауда ер адам далада тыр жалаңаш шешініп, қыздарды шошытты (ВИДЕО) Назарбаевтың келінінің туған күнінде ресейлік әнші Алсу әндетті Берденовке оқ атты деген Ернар Жиембайдың анасы алғаш рет мәлімдеме жасады (ВИДЕО) Атлант пен Астананың арасы жақындады: Бразилия мен Қазақстанның сыртқы істер министрлері кездесті Қалалардың болашағы туралы халықаралық диалог  – Қызылордадағы Ұлттық Урбан Форумына жол Украина Ресейдің әскери әуе базасына соққы жасады Қазақстандық жас балуандар Азия чемпионатында топ жарды Тоқаев Назарбаевты 85 жас мерейтойымен құттықтады Атырау облысында Ресеймен шекара маңынан тағы да дрон табылды Риддер тұрғыны темекі тұқылы үшін сотқа жүгінген Түркияда оппозиционер әкімдерге қарсы операция кезінде 3 қала басшысы ұсталды Тоқаев бірнеше елдегі елшілерді қызметтен босатты Алматыда Lexus көлігі баланы басып өтіп, көмектеспестен қашып кеткен (ВИДЕО) Чемпион боксшы жарақатына байланысты мансабын аяқтады