«Екі қызы мен әйелін өртеп жіберген»: Дина Төлепберген тұрмыстағы зорлық-зомбылыққа шыдаған әйелдің оқиғасын баяндады

Аиса Махамбет Редактор
25.04.2024, 16:31
2387
«Екі қызы мен әйелін өртеп жіберген»: Дина Төлепберген тұрмыстағы зорлық-зомбылыққа шыдаған әйелдің оқиғасын баяндады жеке парақшасынан

Белгілі журналист, қоғам белсендісі Дина Төлепберген қоғамдағы әйелдерге көрсететін қысым мен ұят тақырыбында әңгіме өрбітті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі жазды.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, медиа өкілі ата-аналардың қыздарын аяусыз ұрып соғатын күйеуге “ұят, қайтып келген қыз жаман” деп қайтадан қосып жіберетінін сынады. 

“Қыздың қайтып келуі ұят емес – қылмыскермен қосып жіберуің ұят”

Бұл сөзімді бірден түсіну қиын шығар. Өкінішке қарай “кешірші” деген күйеуіне шабытпен барып, табытпен қайтқан жағдайлар аз емес. Осы оқиғаларға журналистік зерттеу жүргізіп, марқұмның туыстарымен сұқбаттасқанымда, көбі күрсінді, өкінді”, –деп сұмдық оқиғасын есіне алды. 

Айтуынша, күйеуі екі қызымен әйелін өртеп жіберген. Көзі тірісінде жұбайы төркініне қашып кетсе де, балалары үшін қайтып барған. 

“Осыдан төрт жыл бұрын батыс өңірінде болған сұмдықты зерттеп ем. Екі қызы мен әйелін күйеуі өртеп жіберген. Марқұмның әпкесі маған берген сұхбатында былай деп еді:

“Қайтып келген сіңліме күйеу балам тізерлеп тұрып, “сүйемін, ұрмаймын” деген еді. Оның сөзіне сеніп, сіңлімді қайта қосып жібердім. Балалары үшін бірге өмір сүрсін дедік. Ол шешімім үшін өкінемін. Соңында сіңлімді өлтіріп, екі қызымен бірге баспанасын да өртеп жіберді. Күйеу баладан қылмыскерге айналған жауыз өмір бойына бас бостандығынан айрылды. Бірақ, сол кезде қорлыққа төзбей, төркініне келген қыздың шешімін қолдап, қайтып қосылуға көндірмегенде, ана мен қыздар тірі болар ма еді?!”, деп әпкесі өкінгенін көзіммен көрдім”, – деді журналист. 

Еске салайық, "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне әйелдердің құқықтары мен балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң екінші оқылымда мақұлданды. 

Қазақстан мұражайлары мұражай күніне орай TikTok-тың халықаралық бастамасына қосылады «Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО)