«Сен қолыңды да қимылдата алмайсың»: Қызына қамқорлық танытқан әке желіні сүйсіндірді (видео)

Аиса Махамбет Редактор
26.04.2024, 10:10
1936
«Сен қолыңды да қимылдата алмайсың»: Қызына қамқорлық танытқан әке желіні сүйсіндірді (видео) бейнежазбадан алынған кадр

TikТok желісінде өзін ерекше диагнозы бар деп таныстырған nazeka_ermek пен әкесі екеуінің диалогы оқырмандарды тәнті етті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі жазды.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, видеодан Назеркенің әкесіне желі қолданушыларының оған қандай пікір жазғанын айтып, көңілі түсіп қалғанын көруге болады.

"Папама еркелеп, кофе ішіп отырмын. Мұнда енді оған өкпемді айта бастадым. Біреу жазып жіберіпті. Сен дейтін өтірік ақша табасың. Сен қалай жұмыс істейсің? Сен, тіпті, қолыңды да қимылдата алмайсың. Сендер жай ғана "хайп" ұстап жатсыңдар деп жазыпты. Үнсіздік... Әкем "қыз ба?" деп сұрады. Білмеймін деп жауап бердім. Әкем "айта берсін, қайтесің..." деп айтты", – деді Назерке.

Қыз кейде әкесіне осылай еркелеп, ішіндесін айтып алады екен.

"Папама еркелеп, ішімдегінің бәрін осылай айтып аламын. Жаным, асқар тау әкемнің қаншалықты ақкөңіл екенін видеодан-ақ байқауға болады ғой. Хейтерлердің өзіне дым демейді ғой тіпті. "Айта берсін, қайтесің" деп жымиып қояды. Ешкімге ештеңе дәлелдеме ақталма дегені ғой. Ең керемет әкеге лайк пен комментарий жаза кетіңіздерші. Оқып, мәз болсыншы", – деді ерекше диагнозы бар қыз.

Алайда желі оқырмандарының пікірі екіге жарылды.

Қолданушылардың бірі "қолдарын қозғалта алмаса, ол пікірлерді қалай жазады және оларға жауап береді?" десе, енді бірі "Әкесінің іштей қиналып жатқаны көрініп тұр. Аман болыныздаршы" деп пікір қалдырған.

Израильдің Газадағы ауруханаға жасаған шабуылынан үш палестиналық журналист қаза тапты Маск Трампқа импичмент жариялау идеясын қолдады «Іс жүзінде халыққа қызмет көрсетпеген»: ШҚО-да Damumed арқылы 400 млн теңге ұрланған Құлсарыда жоғалып кеткен 8 жастағы қыз баланың мәйіті табылды Илон Маск: «Трамптың атышулы Эпштейн қылмысына қатысы бар» Дженнифер Лопес Қазақстаннан кейін Өзбекстанда өнер көрсетеді Qarmet компаниясынан 1 млрд теңге ұрлады деген күдіктілер ұсталды «Халыққа қауіп төніп тұрған жоқ»: Қорғаныс министрлігі түсініктеме берді Атыраулық блогер бизнесменнен 2 млн теңге бопсалаған Еліміздің барлық өңірінде дауылды ескерту жарияланды «Той жасауға шамамыз жетеді»: Сәкен Майғазиев ұлының тойын тікелей эфирден көрсетпек «9 немерем бар»: Нұржамал Үсенбаева алғаш рет отбасы туралы шындықты айтты Жаттықтырушыдан жылдар бойы зорлық көрген қыз 9 млн теңге өндіріп алды Астана Орталық Азиядағы бөлшек сауда мен FMCG болашағына арналған стратегиялық диалог алаңына айналмақ Астанада алғаш рет «EXPOGOODS CENTRAL ASIA» Халықаралық Экспо-форумы өтеді Астанада паралимпиадалық спортты қолдайтын алғашқы халықаралық турнир өтуде «Сатыбалды әулетінен көмек сұрады»: Жұмысшыларына үй берген Алагөзовтің экс-әйелі шындықты айтты (ВИДЕО) «Ойдан шығарғанын мойындады»: Асхат Садырбай экс-әйеліне қарсы сотта жеңіске жетті Алматылық қылмыстық топ жаңа туған сәбилерді әлеуметтік желі арқылы саудалап келген Ким Чен Ын соғыста Ресейге қолдау көрсетуге уәде берді