«BIRGEMIZ» жалпыұлттық жобасы аясында шағын гранттар байқауы басталады

26.04.2024, 09:46
668
«BIRGEMIZ» жалпыұлттық жобасы аясында шағын гранттар байқауы басталады Мемлекеттік органдардың ресми сайты / GOV.KZ

Өтінімдерді «Birgemiz» жобаларын жүзеге асырып, шағын гранттар байқауына қатысу мәселелері бойынша кеңес беретін 8 ҮЕҰ қабылдайды.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, еліміздің барлық өңірлерінде «Birgemiz»жалпыұлттық жобасы аясында волонтерлік саладағы нақты жергілікті міндеттерді шешу үшін бастамаларды жүзеге асыруға арналған шағын гранттар байқауы басталады. 

«Birgemiz гранттық бағдарламасы» Азаматтық бастамаларды қолдау орталығының гранттық қаржыландыру аясында ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша үшінші жыл қатарынан табысты жүзеге асырылуда. Мемлекеттік гранттарды волонтер боп саналатын, кәмелетке толған қазақстандықтар және бастамашыл топтар мен ҮЕҰ-лар ала алады. Байқау аясында 300 000 теңгені құрайтын 240 шағын грант беріледі:

BIRGEMIZ: Bilim – Волонтерлерді тарту арқылы халықтың әртүрлі топтар арасында, оның ішінде ауылдық жерлерде цифрлық, қаржылық, тілдік, компьютерлік сауаттылық деңгейін арттыру;

BIRGEMIZ: Saýlyq – Денсаулық сақтау саласында волонтерлерді тарту, оның ішінде стационарлық жағдайда ем ұсынатын медициналық мекемелерге (хоспистер, онкологиялық диспансерлер және т.б.) волонтерлерді тарту;

BIRGEMIZ: Sabaqtastyq – Балалар үйлеріндегі балаларға, сондай-ақ әлеуметтік қорғау жүйесінің әлеуметтік қызмет көрсету орталықтарында өмірлік қиын жағдайға тап болған балалар мен жастарға, халықты әлеуметтік қорғау жүйесінің әлеуметтік қызмет көрсету орталықтарында және осы бағытқа сәйкес келетін басқа да жобаларда волонтерлерге тәлімгерлік ету тәжірибесін енгізу;

BIRGEMIZ: Taza Álem – Қоршаған ортаны қорғау, өзендер мен ормандарды тазарту, ағаш отырғызу, қоқыстарды сұрыптауға үйрету және осы бағытқа сәйкес келетін басқа да жобалар;

BIRGEMIZ: Asyl mura – Тарихи-мәдени мұра нысандарын сақтау және осы бағытқа сәйкес келетін басқа да жобалар;

BIRGEMIZ: Qamqor – Қарттар үйлеріндегі, халықты әлеуметтік қорғау жүйесінің әлеуметтік қызмет көрсету орталықтарындағы волонтерлік қызмет және осы бағытқа сәйкес келетін басқа да жобалар;

BIRGEMIZ: Úmit – Жоғалған адамдарды іздеу, апаттар қаупін азайту, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың салдарын жою;

BIRGEMIZ: Ayala – жануарларға жауапкершілікпен қарауды қалыптастыру.

Өтінімдерді қабылдау 2024 жылғы 25 сәуірден 14 мамырға дейін жалғасады. Қажетті құжаттардың тізімі, ұйымдастырушылардың байланыс нөмірлері, сондай-ақ басқа да ақпарат Азаматтық бастамаларды қолдау орталығының https://cisc.kz/ сайтында орналасқан.

Екібастұзда жасөспірім суға батып кетті Ердоған Әзербайжан мен Ресей арасындағы шиеленіске пікір білдірді Мейірхан Шерниязов түрмеден неге ерте шыққанын түсіндірді (ВИДЕО) «Жалғыз күресіп, қиналып кеттім»: Қымбат Досжан Жәнібекке қатысты қуанышты хабарды жеткізді Алматы әуежайында балаға әйнек сынығы түсіп, жарақат алды Қарағандыда көлік отқа оранып, жеті адам қаза болды (ВИДЕО) «Жиіркенішті»: Көкшетауда ер адам далада тыр жалаңаш шешініп, қыздарды шошытты (ВИДЕО) Назарбаевтың келінінің туған күнінде ресейлік әнші Алсу әндетті Берденовке оқ атты деген Ернар Жиембайдың анасы алғаш рет мәлімдеме жасады (ВИДЕО) Атлант пен Астананың арасы жақындады: Бразилия мен Қазақстанның сыртқы істер министрлері кездесті Қалалардың болашағы туралы халықаралық диалог  – Қызылордадағы Ұлттық Урбан Форумына жол Украина Ресейдің әскери әуе базасына соққы жасады Қазақстандық жас балуандар Азия чемпионатында топ жарды Тоқаев Назарбаевты 85 жас мерейтойымен құттықтады Атырау облысында Ресеймен шекара маңынан тағы да дрон табылды Риддер тұрғыны темекі тұқылы үшін сотқа жүгінген Түркияда оппозиционер әкімдерге қарсы операция кезінде 3 қала басшысы ұсталды Тоқаев бірнеше елдегі елшілерді қызметтен босатты Алматыда Lexus көлігі баланы басып өтіп, көмектеспестен қашып кеткен (ВИДЕО) Чемпион боксшы жарақатына байланысты мансабын аяқтады