«Алғаш рет ішім ашып, өкіріп жыладым»: әнші Өктем Алтаев өміріндегі қиын кезең туралы айтты

Аиса Махамбет Редактор
26.04.2024, 14:14
1175
«Алғаш рет ішім ашып, өкіріп жыладым»: әнші Өктем Алтаев өміріндегі қиын кезең туралы айтты бейнежазбадан алынған кадр

Өнер иесі әңгіме барысында қарындасы жайлы естелігін бөлісті.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, әнші, сазгер Өктем Алтаев «Алғашқы» бағдарламасында отбасылық өмірі жайлы айтты. Бұл туралы Aikyn.kz жазды.

Өнер иесі әңгіме барысында қарындасы жайлы естелігін бөлісті. Оның өмірден өткені әншінің жанына қатты батқан.  Әнші қарындасының ерекше қыз болғанын атап өтті.

«Қарындастың қайтқаны қиын болады екен. Өзі небәрі 23-те, тұрмысқа жаңадан шыққан. Албырт шағы ғой. Жол апатына түсіп, өмірден өтті. «Бармай-ақ қойшы» деп қанша айтсақ та, бетімізден қайта-қайта сүйіп қоштасты. Олай менің бетімді ешқашан сүймеуші еді. Көзімізді ала бере көлігімен жолға шығып кеткен. Бір уақта қатты шашалып, ауа жетпей кетті. Су ішсем де, не істесем де шашалғанымды тоқтата алмадым. Жөтелге айналды. Сол сәтте «Қарындасыңыз жол апатына түсіпті» деген хабар келді.

Барсақ ақ матаға оралып жатыр екен. Мәйітханаға алып кетті. Қазақта «өлер бала өзгеше болады» деген сөз бар. Меруерт шынында да ерекше қыз еді. Балаларымызға қарап, біз концертте, той-жиында жүргенде бәріне өзі бас-көз боп отыратын. Әлі күнге дейін Меруертті еске алғанда бала-шағам, бәріміз жылап қаламыз. Сол кезде алғаш рет ішім ашып, өкіріп жыладым. Ішқұса боп, депрессияға түсіп кеттім. Дауысым шықпай қалды. Ән айтуға шамам келмеді», - деп еске алды әнші.

Жанар Айжанова күйеубаласының шашын тықырлап алып тастады (ВИДЕО) Лидия Кәденова тағы да әже атанды (ФОТО) «Өтіріктерің ашылады»: Баян Мақсатқызы күйеуін қаралағандарға қатаң ескерту жасады «Содан бастап Трамппен жау»: Илон Маск Ақ үйде кімнен таяқ жегені белгілі болды «Шымкенттің намысын қорғаймын»: Төрехан Сабырхан шешімін өзгертті «1-курсты енді бітірген еді»: Түркістанда колледжде оқитын қызды өлтіріп кеткен 8-сынып оқушылары қатарласын тапаншамен қорқытып, ұрып-соққан Елдос Сметов пен Хабиб Меккеде кездесті (ВИДЕО) Мейіргер жігіт жасөспірімді зорлады деген күдікпен қамауға алынды Зеленский: АҚШ бізге уәде еткен 20 мың зымыранды Таяу Шығысқа берді Шерзаттың өлімі: Сотталғандардың туыстары Тоқаевтан әділдік сұрады (ВИДЕО) Павлодарда мас ер адамдар пышақ алып төбелескен (ВИДЕО) Израиль ХАМАС көшбасшысы Мұхаммед Синвардың қаза тапқанын растады АҚШ Гарвардтың шетелдік студенттеріне виза беруді қайта бастады Астанадағы автобус апатынан соң аяғынан айырылған Алуаның ата-анасы дабыл қақты Қазақстандықтардың жеке деректерін сатумен айналысқан 140 адам ұсталды Астана су қоймасы 55 жылдан кейін алғаш рет тазартылып жатыр Ақтөбеде емшіге алданғандардың саны 136 адамға жетті Айтым Шерзаттың ісіне қатысты жария етілмеген құжаттарды желіге салатынын айтты «Екеуміз де шегіп алғанбыз»: Алматыда түнгі клуб басшысы қызметкер жігітті зорлады деген күдікке ілінді (ВИДЕО)