751

Жаңбыр, қар, 8 градус аяз: 27-29 сәуірге ауа райы болжамы жарияланды

27-28 сәуірде түнде еліміздің солтүстік жартысында термометрлер 1-8 градус аязға дейін жетеді.

Жаңбыр, қар, 8 градус аяз: 27-29 сәуірге ауа райы болжамы жарияланды
tengrinews.kz

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, "Қазгидромет" РМК 27-29 сәуірге ауа райы болжамын жарияланды.

27 сәуірде еліміздің басым бөлігі жоғары атмосфералық қысым алқабының ықпалында болады, жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі.

28-29 сәуірде атмосфералық фронтальды бөліктердің әсерінен Қазақстанның басым бөлігінде жаңбыр, найзағай күтіледі.

28 сәуірде оңтүстікте, 29 сәуірде солтүстік-батыста және солтүстікте қатты жаңбыр жауады, бұршақ жаууы мүмкін.

29 сәуірде түнде республиканың оңтүстік-шығысындағы таулы аймақтарда жауын-шашын жаңбыр мен қар түрінде болады. Қазақстан бойынша жел күшейеді, оңтүстікте және оңтүстік-батыста шаңды дауыл соғады деп күтілуде.

Температуралық фонға келетін болсақ, жалпы алғанда күндізгі температураның біртіндеп жоғарылауы күтілуде, алайда 27-28 сәуірде түнде еліміздің солтүстік жартысында термометрлер 1-8 градус аязға дейін жетеді.

Материал авторы