«Ұнамсыз әрекетінен кейін жұмысты тоқтаттым»: Айсәуле Бақытбек қыз зорлағаны үшін сотталған фотографқа қатысты пікір білдірді

Аиса Махамбет Редактор
27.04.2024, 14:30
1515
«Ұнамсыз әрекетінен кейін жұмысты тоқтаттым»: Айсәуле Бақытбек қыз зорлағаны үшін сотталған фотографқа қатысты пікір білдірді ашық дереккөзден

22 жастағы Элина есімді аруды зорлады деп айыпталып, бес жылға бас бостандығынан айырылған фотограф туралы Айсәуле Бақытбек пікір білдірді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі жазды.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, KazFem-нің мәлімдеуінше, сотталушы Азамат Кенжеғұлов Elle Kazakhstan, Esquire, Harper’s bazaar сынды танымал басылымдармен жұмыс істеген. Сонымен қатар әлеуметтік желіде Айсәуле Бақытбек те фотографпен жұмыс істегенін айтты. 

“Зорлаған адам жазасын алып, отыруы керек. Элинаның командасын жеңісімен құттықтаймын! Азаматпен осы жағдай болмастан бұрын жұмыс істеген едім. Соңғы түсірілімнен кейін, әріқарай бірге жұмыс істемеуге шешім қабылдадым. Ішімнен оның ұнамсыз әрекеттерін байқадым. Сондықтан да қыздар, өздеріңізді тыңдаңыздар! Секем алып қалсаңыз, дереу тоқтатыңыздар! Сұмдық жаңалықтан кейін, мына адаммен қалай жұмыс істегенмін деп ойлап отырмын. Өздеріңізді қорғаңыздар! Зорлыққа шыдамаңыздар!”, – деп жазды блогер. 

Еске салсақ, бұған дейін алматылық ару барда жолыққан бұрынғы танысын зорлады деп айыптағаны айтылды. Ол әділдікке қол жеткізе алмай жүргенін айтып шағымданды. 

Фото: https://www.instagram.com/aissaulebakytbek/

Айта кетейік, Азамат Кенжеғұлов 22 жастағы қызға коктейль ұсынып, оның ессіз болғанын пайдаланып, үйіне әкелген. Ол Элинаны зорлағаны үшін 5 жылға сотталғаны хабарланды.

Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді Bloomberg: Қазақстан маусымда мұнай тасымалын азайтады Павлодарда ер адам сүйіктісін көлікпен қабырғаға қысып, аяғынан айырды Алматы облысында 11-сынып оқушылары баланы қағып кетіп, шындықты жасыруға тырысқан Freedom Travel төңірегіндегі жанжал: отадан шыққан егде жастағы жолаушылар күні бойы әуежайда отырған Украина тұтқынындағы қазақстандық Ресей билігіне үндеу жасады