«Мейрамхана безендіру құны – 2 миллион теңге»: Серік Ибрагимов ұлына сүндет той жасады

Аиса Махамбет Редактор
27.04.2024, 15:58
4065
«Мейрамхана безендіру құны – 2 миллион теңге»: Серік Ибрагимов ұлына сүндет той жасады жеке парақшасынан

Танымал әнші Серік Ибрагимов тұңғышы Хамзаның сүндет тойын өткізді. Эстрада жұлдызының әріптестері әннен шашу шашып, Алматыдағы ең қымбат мейрамханаға жиналды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі жазды.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, өнер иесінің ұлына арналған сүндет тойы 17.00-де басталып, таңға дейін жалғасты.  

“Аллаға шүкір! Басқа тойды тойламасаң тойлама, қазағымның сүндет тойы тойлансын! Бір міндеттен құтылдық! Алыс жақыннан келген ағайын-туысқа, дос-жаранға алғыс білдіреміз! Осындай айтулы сәтте бізбен алтын уақыттарыңызды өткізгендеріңізге мың рақмет! Тілектес жандар аман болыңыздар! Қымбатты оқырмандар, жақсы сөз – жарым ырыс деген, әдемі тілектеріңізді жаза кетіңіз! Баршаңызға жұғысты болсын”, – деп жазды әнші. 

Өнер иесінің достары тойға қанша шашу әкелгенін айтып, мейрамхананың безендіруіне таңдай қақты. Желіде “Елдос Колобок” лақап атымен танылған блогер Елдос Кәдірханов достарымен аз-маз сұхбаттасты. 

“Нұрболхан Шарапов 500 мың теңге әкеліпті. Арман Жаналиев 200 мың теңге, Қанай 30 миллион шашу шаштым дейді. Менің анам 1 миллион теңге берейік деп отыр. Серік маған қарыз еді. 645 мың беруі керек еді, бірақ соны тойына шашу еттім. Мейрамхананың безендірілуі күшті екен. Нұрболхан мен Арман 2 миллион теңге ақша кетті деп отыр”, – деп күлді блогер. 

Айта кетейік, Серік Ибрагимов пен жұбайы Айнамкөз бүгінде үш бала тәрбилеп отыр. Әншінің үшінші сәбиі биыл қаңтар айында дүние есігін ашты. 

Ресейлік продюсер АҚШ-та даяшы болып жүрген қазақ әншіге қолдау көрсетті (ВИДЕО) Астанада әйелін ұрды деп күдікке ілінген экс-дипломат Сәкен Мамаштың соты басталды Иран Израильдің ядролық құпияларына қол жеткізгенін мәлімдеді Қала әкімі тоқ соғып көз жұмды: Өліміне қатысты тергеу басталды Шартты түрде босату және жаза ауыстыру өтініштері енді онлайн беріледі Еліміздің барлық өңірінде дауылды ескерту жарияланды Жанар Айжанова күйеубаласының шашын тықырлап алып тастады (ВИДЕО) Лидия Кәденова тағы да әже атанды (ФОТО) «Өтіріктерің ашылады»: Баян Мақсатқызы күйеуін қаралағандарға қатаң ескерту жасады «Содан бастап Трамппен жау»: Илон Маск Ақ үйде кімнен таяқ жегені белгілі болды «Шымкенттің намысын қорғаймын»: Төрехан Сабырхан шешімін өзгертті «1-курсты енді бітірген еді»: Түркістанда колледжде оқитын қызды өлтіріп кеткен 8-сынып оқушылары қатарласын тапаншамен қорқытып, ұрып-соққан Елдос Сметов пен Хабиб Меккеде кездесті (ВИДЕО) Мейіргер жігіт жасөспірімді зорлады деген күдікпен қамауға алынды Зеленский: АҚШ бізге уәде еткен 20 мың зымыранды Таяу Шығысқа берді Шерзаттың өлімі: Сотталғандардың туыстары Тоқаевтан әділдік сұрады (ВИДЕО) Павлодарда мас ер адамдар пышақ алып төбелескен (ВИДЕО) Израиль ХАМАС көшбасшысы Мұхаммед Синвардың қаза тапқанын растады АҚШ Гарвардтың шетелдік студенттеріне виза беруді қайта бастады