«Өмірдің бәрі қаланың сыртында екен ғой»: Бақыт Шадаева ауылға көшуіне не себеп болғанын айтты

Аиса Махамбет Редактор
27.04.2024, 19:28
6128
«Өмірдің бәрі қаланың сыртында екен ғой»: Бақыт Шадаева ауылға көшуіне не себеп болғанын айтты жеке парақшасынан

Әнші биыл жыл басында ауылға көшіп кеткен болатын.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері, әнші Бақыт Шадаева "Оян" телебағдарламасына берген сұхбатында неліктен ауылға көшіп кеткенін түсіндірді. Бұл туралы Massaget.kz жазды.

Әнші биыл жыл басында ауылға көшіп кеткен болатын. 

"Мен негізі 2023 жылға дейін Алматыдан шыққан адам емеспін. Осы 2024 жылдан бастап мен ауылға көшіп кеттім. Шынымды айтайын, ауылға барып менің санам да, ойым да өзгерді. Халықтың көзқарасына қарап мен қазір көп нәрсені үйреніп жатырмын. Қазіргі таңда мен дүниені басқа қырынан көріп жатқан секілдімін, қазақ екенімді енді ғана тұла бойыммен сезініп жатырмын. Біріншіден, адамға, жерге, малға, табиғатқа деген көзқарас өзгеріп, олар адамға басқаша бір әсер етеді. Сондықтан негізі арасында бір айға ауылға кетіп қалу керек екен. Бұл менің әрбір өнер жолында жүрген адамға айтар кеңесім. Неге? Өйткені ауылда көп нәрсені басқаша сезіне бастайсыз. Бұл өнерге кедергі болмайды, керісінше, пайдасын тигізіп, басқаша қырын ашады. Қалада тұрғанда таңертең ұйқыдан оянамыз да бір бағыт бойынша жүре береміз. Ылғи да бір жаққа асығып жүреміз, тоқтамайтын, бір уақыт тыныс алып жан-жаққа қарайтын уақыт жоқ, робот секілдіміз. Қалада адамдардың қарым-қатынасының өзі дұрыс емес. Ауылда адамдармен сөйлесіп, жан-жаққа, табиғатқа қарап, көңіл бөлу адамға мықты қуат береді. Ауыл адамды баптайды, қуаттайды. Өмірдің бәрі қаланың сыртында екен ғой", – деді әнші. 

Шерзаттың сотын онлайн 40-тан астам ел көрген Ресейлік продюсер АҚШ-та даяшы болып жүрген қазақ әншіге қолдау көрсетті (ВИДЕО) Астанада әйелін ұрды деп күдікке ілінген экс-дипломат Сәкен Мамаштың соты басталды Иран Израильдің ядролық құпияларына қол жеткізгенін мәлімдеді Қала әкімі тоқ соғып көз жұмды: Өліміне қатысты тергеу басталды Шартты түрде босату және жаза ауыстыру өтініштері енді онлайн беріледі Еліміздің барлық өңірінде дауылды ескерту жарияланды Жанар Айжанова күйеубаласының шашын тықырлап алып тастады (ВИДЕО) Лидия Кәденова тағы да әже атанды (ФОТО) «Өтіріктерің ашылады»: Баян Мақсатқызы күйеуін қаралағандарға қатаң ескерту жасады «Содан бастап Трамппен жау»: Илон Маск Ақ үйде кімнен таяқ жегені белгілі болды «Шымкенттің намысын қорғаймын»: Төрехан Сабырхан шешімін өзгертті «1-курсты енді бітірген еді»: Түркістанда колледжде оқитын қызды өлтіріп кеткен 8-сынып оқушылары қатарласын тапаншамен қорқытып, ұрып-соққан Елдос Сметов пен Хабиб Меккеде кездесті (ВИДЕО) Мейіргер жігіт жасөспірімді зорлады деген күдікпен қамауға алынды Зеленский: АҚШ бізге уәде еткен 20 мың зымыранды Таяу Шығысқа берді Шерзаттың өлімі: Сотталғандардың туыстары Тоқаевтан әділдік сұрады (ВИДЕО) Павлодарда мас ер адамдар пышақ алып төбелескен (ВИДЕО) Израиль ХАМАС көшбасшысы Мұхаммед Синвардың қаза тапқанын растады