50 мыңнан аса қазақстандық Бишімбаевтың туыстарының мүлкін тәркілеу туралы петицияға қол қойған

27.04.2024, 20:19
1259
50 мыңнан аса қазақстандық Бишімбаевтың туыстарының мүлкін тәркілеу туралы петицияға қол қойған azattyq-ruhy

Оtinish.kz сайтында Қуандық Уәлиханұлы Бишімбаевтың отбасы мүшелері мен туыстарының мүліктік жағдайы мен мүлкінің шығу тегіне тәуелсіз тексеру жүргізу туралы Қазақстан Республикасының президентіне ашық үндеуге 51 638 азамат қол қойған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі жазды.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, 2024 жылдың 1 сәуірі петицияның авторы болып Людовик Траьер атындағы халықаралық адвокаттар сыйлығының лауреаты Вадим Курамшин болып белгіленді. Қазір петицияға қол қойғандардың тізімі 51 638 болды. Ашық үндеудің аяқталуына 4 күн қалды. 

"Біз, төменде қол қойғандар, Конституциямыздың кепілі ретінде сізге қазіргі уақытта әйелі Салтанат Амангелдіқызы Нүкенованы өлтірді деп айыпталған Қуандық Уәлиханұлы Бишімбаевтың отбасы мүшелері мен туыстарының мүліктік жағдайы мен мүлкінің шығу тегін тексеруге қатысты өтінішімізді қарауды сұраймыз. Бишімбаев Қуандық жасаған қылмыс Салтанат Нүкенова мен оның жақындарына орны толмас қайғы әкелді. Бұл зорлық-зомбылық әрекеті жұртшылық арасында наразылық пен үрей тудырды және біз айыпталушы өзінің қылмыстық әрекеттері үшін заңға сәйкес толық жауап беруі керек екеніне сенімдіміз", – деді адвокат Вадим Курамшин.

Фото Оtinish.kz сайтынан скриншот жасалған

Адвокаттың пікірінше, қоғамның ашықтық пен әділдікке деген сенімін ескере отырып, ресми мәртебесімен түсіндірілмеген қомақты қаржылық мүмкіндігі бар Бишімбаевтар отбасы мүшелерінің кіріс көздеріне мұқият сараптама жүргізу қажет.

"Бұл ретте, әсіресе, Қуандық Бишімбаевтың анасы зейнеткер Альмира Нұрлыбекқызы мен оның бұрын сыбайлас жемқорлық қылмысы үшін сотталған ұлының қызметі арасындағы ықтимал байланысты ескеру қажет. Бишімбаевтар отбасының кіріс көздеріне тәуелсіз аудит жүргізу қоғамның заңды мүдделерін қорғауға қызмет етіп қана қоймай, қылмыстық жолмен алынған қаражатты заңдастырудың ықтимал жағдайларының алдын алады", – деді Вадим Курамшин.

Вадим Курамшин бұл азаматтардың сот төрелігі мен жалпы заң үстемдігіне деген сенімін нығайтуға да ықпал етеді деп отыр.

"Осыған байланысты құзырлы органдарға мыналарды тапсыруыңызды сұраймыз. 

1.    Бишімбаевтың отбасы мүшелерінің, әсіресе, зейнеткер Альмира Нұрлыбекқызының және Байжановтың ағалары Бақытжан мен Нұрлыбек Сұлтанның қаржылық жағдайын және ұлының бұрын болған сыбайлас жемқорлық істерімен байланысын ескере отырып, табыс көздерін мұқият тексеру қажет.

2.    Барлық тараптың құқықтары мен заңды мүдделерін сақтай отырып, тексеру процесінің ашықтығы мен объективтілігін қамтамасыз ету.

3.    Негізсіз кірістер анықталған жағдайда соның ішінде ықтимал санкциялар мен заңсыз алынған мүлікті тәркілеу кезінде қажетті шараларды қабылдасын.

4.    Тексеру нәтижелері мен қабылданған шаралар туралы халықты ашық хабардар ету.

5.    Әлеуметтік әділеттілікті қалпына келтіруге және мемлекетке қайтарылған мүлікті елді дамыту мақсатында пайдалануға бағытталған жұмыстарды жүргізу.

Бұл бағыттағы шешуші іс-әрекеттер әділеттілік, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес және қоғамдық мүдделерді қорғау қағидаттарын нығайтуға ықпал ететініне сенімдіміз. Қоғамның игілігі мен әділеттілік мүддесі үшін осы петицияны қолдаңыз", – деді адвокат Вадим Курамшин.

Еске салайық, таяуда қазақстандықтар үш күнде тұрмыстық зорлық-зомбылықты қылмыстық жауапкершілікке тартуды талап етіп, сенатқа #СалтанатҮшінЗаң деген 5 мыңнан астам хат жолдағаны туралы жаздық. Бастамашыл топ зорлық-зомбылықты қылмыстық жауапкершілікке тарту туралы заң жобасын кейінге қалдыру немесе қабылдамау қаупі әлі де бар екенін атап өтті. Қор хат жіберу үшін eOtinish сайтына кіріп, "өтініш беру" батырмасын басу қажет екенін түсіндірді.

Екібастұзда жасөспірім суға батып кетті Ердоған Әзербайжан мен Ресей арасындағы шиеленіске пікір білдірді Мейірхан Шерниязов түрмеден неге ерте шыққанын түсіндірді (ВИДЕО) «Жалғыз күресіп, қиналып кеттім»: Қымбат Досжан Жәнібекке қатысты қуанышты хабарды жеткізді Алматы әуежайында балаға әйнек сынығы түсіп, жарақат алды Қарағандыда көлік отқа оранып, жеті адам қаза болды (ВИДЕО) «Жиіркенішті»: Көкшетауда ер адам далада тыр жалаңаш шешініп, қыздарды шошытты (ВИДЕО) Назарбаевтың келінінің туған күнінде ресейлік әнші Алсу әндетті Берденовке оқ атты деген Ернар Жиембайдың анасы алғаш рет мәлімдеме жасады (ВИДЕО) Атлант пен Астананың арасы жақындады: Бразилия мен Қазақстанның сыртқы істер министрлері кездесті Қалалардың болашағы туралы халықаралық диалог  – Қызылордадағы Ұлттық Урбан Форумына жол Украина Ресейдің әскери әуе базасына соққы жасады Қазақстандық жас балуандар Азия чемпионатында топ жарды Тоқаев Назарбаевты 85 жас мерейтойымен құттықтады Атырау облысында Ресеймен шекара маңынан тағы да дрон табылды Риддер тұрғыны темекі тұқылы үшін сотқа жүгінген Түркияда оппозиционер әкімдерге қарсы операция кезінде 3 қала басшысы ұсталды Тоқаев бірнеше елдегі елшілерді қызметтен босатты Алматыда Lexus көлігі баланы басып өтіп, көмектеспестен қашып кеткен (ВИДЕО) Чемпион боксшы жарақатына байланысты мансабын аяқтады