Ұйғыр ауданында ұлтараздықты тудырған зейнеткерге сот үкім шығарды

28.04.2024, 16:42
1169
Ұйғыр ауданында ұлтараздықты тудырған зейнеткерге сот үкім шығарды Freepik.com

Іс Ұйғыр аудандық сотында қаралды

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Алматы облысының тұрғынын ұлтараздық тудырғаны үшін соттады. Бұл туралы KYN.KZ ақпараттық агенттігі жазды. 

Сотталушы өткен жылдың 6 қараша күні ұлттық ар-намыс пен қадір-қасиетін қорлауға бағытталған аудиожазбаны What'sApp мессенджері арқылы әртүрлі ұлт өкілдерінің азаматтары бар көршілерінің чатына жіберген. 

Сотта әйел аудиожазба қоғамдық тәртіпті бұзып, Ұйғыр ауданы тұрғындарының көңіліне тиетінін білгені анықталды. 

Прокурор жазалау мақсатында бас бостандығынан айыруды ұсынды. Сотталушы өз кінәсін мойындап, өкінетінін жеткізді. Сот залында ол өзін бас бостандығынан айырмауды сұрады. 

ҚК-нің 174-бабының 1-бөлігінің санкциясы екі мыңнан жеті мыңға дейінгі айлық есептік көрсеткіш мөлшеріндегі айыппұл салу, екі жылдан жеті жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеу немесе сол мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны көздейді.

Сот жеңілдетілген жағдай бойынша шын ниетпен өкінуін, ауырлататын жағдайлардың болмауын, зейнеткерлік жасын, денсаулық жағдайын ескере отырып, сотталушыны түзету оның қоғамнан оқшауланбай-ақ қол жеткізуге болады деп санады.

“Сот үкімімен М. кінәлі деп танылды.  ҚК 44-бабының 2-бөлімінде көзделген міндеттерді орындай отырып, 3 жыл 6 айға дейін бас бостандығынан шектеу түріндегі жаза тағайындалды”, - делінген хабарламада

Үкім заңды күшіне енген жоқ

Құлсарыда 8 жасар қызды зорлады және өлтірді деген күдікпен ер адам ұсталды Израильдің Газадағы ауруханаға жасаған шабуылынан үш палестиналық журналист қаза тапты Маск Трампқа импичмент жариялау идеясын қолдады «Іс жүзінде халыққа қызмет көрсетпеген»: ШҚО-да Damumed арқылы 400 млн теңге ұрланған Құлсарыда жоғалып кеткен 8 жастағы қыз баланың мәйіті табылды Илон Маск: «Трамптың атышулы Эпштейн қылмысына қатысы бар» Дженнифер Лопес Қазақстаннан кейін Өзбекстанда өнер көрсетеді Qarmet компаниясынан 1 млрд теңге ұрлады деген күдіктілер ұсталды «Халыққа қауіп төніп тұрған жоқ»: Қорғаныс министрлігі түсініктеме берді Атыраулық блогер бизнесменнен 2 млн теңге бопсалаған Еліміздің барлық өңірінде дауылды ескерту жарияланды «Той жасауға шамамыз жетеді»: Сәкен Майғазиев ұлының тойын тікелей эфирден көрсетпек «9 немерем бар»: Нұржамал Үсенбаева алғаш рет отбасы туралы шындықты айтты Жаттықтырушыдан жылдар бойы зорлық көрген қыз 9 млн теңге өндіріп алды Астана Орталық Азиядағы бөлшек сауда мен FMCG болашағына арналған стратегиялық диалог алаңына айналмақ Астанада алғаш рет «EXPOGOODS CENTRAL ASIA» Халықаралық Экспо-форумы өтеді Астанада паралимпиадалық спортты қолдайтын алғашқы халықаралық турнир өтуде «Сатыбалды әулетінен көмек сұрады»: Жұмысшыларына үй берген Алагөзовтің экс-әйелі шындықты айтты (ВИДЕО) «Ойдан шығарғанын мойындады»: Асхат Садырбай экс-әйеліне қарсы сотта жеңіске жетті Алматылық қылмыстық топ жаңа туған сәбилерді әлеуметтік желі арқылы саудалап келген