"Қуандық та Салтанатты әдейі өлтіруге себеп болған жоқ": Қуандық Бишімбаевтың ата-анасы алғаш рет сұхбат берді

29.04.2024, 10:56
1053
"Қуандық та Салтанатты әдейі өлтіруге себеп болған жоқ": Қуандық Бишімбаевтың ата-анасы алғаш рет сұхбат берді Бейнежазбадан

Экс-министр Қуандық Бишімбаевтың әкесі Уәлихан Бишімбаевтың ресейлік блогер Наталья Грейске берген сұхбаты жария болды

Бишімбаевтың анасы Альмира Бишімбаева ұлын «ана ретінде қолынан келгенше қорғап жүргенін» айтып, көзіне жас алды.

«Әрине, бұл өте ауыр трагедия. Салтанаттың ата-анасын түсінемін. Үйімізде үлкен трагедия. Әлеуметтік желіде негатив материал көп. Бірақ жақсы адамдар да көп. Жағалауда жүрген кезімде шамамен 40 жастағы әйел келіп, «апай, сіз Қуандық Бишімбаевтың анасысыз ғой? Бекем болыңыз, біз сізді түсінеміз, сізді қолдаймыз» деді. 

Мұндай жағдай кез келген адамның басынан өтуі мүмкін. Бірақ мұндай нәрсені ешкімге тілемеймін. Ұлымды өте қатты жақсы көремін, ұлымызбен мақтанамыз. Бірақ осындай жағдай болып қалды. Неге бұлай болғанын әкесі екеуіміз де түсіне алмадық. Ол қатал адам болған емес. Бала күнінен өзіне жауапкершілікті ала білетін адам болған. Үнемі бізге қамқор болатын. Үш жыл бұрын әкесі қатты ауырып қалған кезде дәрігер тауып, емдетті. Үнемі бізге алаңдап жүреді», - дейді Альмира Бишімбаева.

Сонымен қатар, Уәлихан Бишімбаев та ұлының ісіне қатысты пікір білдірді. 

«Иә, ол кінәлі, ол жазалануы керек. Біз үшін бұл үлкен трагедия. Себебі Салтанат та біздің отбасымыздың мүшесі. Өз қызымыздай қарайтынбыз. Олар бақытты болғысы келді, бір-бірін жақсы көретін. Қуандықпен арасында сөзге келіспей қалатынбыз, бірақ ешқашан қол көтерген емеспін. Бұл біздің отбасымызға жат дүние», - дейді Уәлихан Бишімбаев. 

Альмира Бишімбаева ұлының Салтанатты өлтіру ойы болмағанын айтады. 

«Ең біріншіден, Қуандықта Салтанатты әдейі өлтіруге себеп болған жоқ. Ол Салтанатты жақсы көретін. Ол өте мейірімді, қамқор адам. Әдейі қаскөйлікпен өлтіруі мүмкін дегенмен ана ретінде келіспеймін», - дейді Альмира Бишімбаева. 

Роза Рымбаеваға балмұздақ үшін айыппұл салынды (ВИДЕО) Қарағандыда екі жастағы бала пойыздың астына түсіп, мерт болды Қазгидромет маусым айына арналған ауа райы болжамын жариялады Ақтөбеде қызғалдақпен суретке түскен ауыл әкімінің ісі көшпелі сот отырысында қаралады Олигархтардан қайтарылған ақшаға Ұлытауда су құбырын жүргізбек Тоқаев Байқоңырдың 70 жылдығымен құттықтады Жынысын ауыстырған блогер өзіне министрдің ғашық екенін айтты «Назарбаев мені жек көріп кетті»: Әмина апа жат ағымның елге кіруіне қарсы болғанын айтты 18 жастағы бозбала ақша үшін 85 жастағы атасын өлтіріп тастады Жаркент маңындағы сақ қорғандары тоналған боп шықты (ВИДЕО) 18 жасар қыз жігітін қызғанып, оны пышақтап тастаған «Азаптаған соң лақтырып жіберген»: Ақнәрға қатысты тағы бір бейнежазба пайда болды Ердоған Ресей мен Украинаны тағы бір келіссөз өткізуге шақырды Дене шынықтыру мұғалімі 14 жасар қызды зорлады деген күдікке ілінді Конституциялық Сот ашық екенін көрсетті: медиақоғамдастықпен Өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылды 18 жасар студент қыз өз ата-анасын «тірідей жерлеген» Қарағандыда 5 млрд теңгеге жуық жер телімі мемлекетке қайтарылды «Селфиге түсуге болады»: Енді жеке куәлікті онлайн ауыстыруға болады Астанада көлік тізгінінде келе жатқан жүргізуші жол үстінде көз жұмды Ақтөбеде кішкентай бала подъездегі баспалдаққа қысылып қалды