Қазақстан тұрмыстық техниканы Қытай және Оңтүстік Кореямен бірлесіп шығарады

29.04.2024, 11:50
1222
Қазақстан тұрмыстық техниканы Қытай және Оңтүстік Кореямен бірлесіп шығарады canva.com

Қытай және Оңтүстік Корея компанияларымен бірлесіп, Саран қаласында тұрмыстық техника шығарамыз.

Бұл туралы Өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев айтты.

2025 жылға қарай тұрмыстық техника өндірісін 360 мың данаға дейін (Silk Road Electronics – 301 470, Almaty turmystyq tehnika зауыты – 60 мың), 160 мың жеңіл автокөлік («СарыаркаАвтоПром» ЖШС – 110 мың және Hyundai Trans Kazakhstan ЖШС – 50 мың автокөлік), теміржол машина жасау тауарлары: 100 жолаушылар вагоны (ЗИКСТО), 120 локомотив (Электровоз курастыру зауыты – 44 дана, Локомотив курастыру зауыты – 90 дана), 500 дана платформа (ЗИКСТО), 1,5 мың жартылай вагон (КВК) ұлғайту жоспарланып отыр, - деді Қанат Шарлапаев Мәжілістегі Үкімет сағатында.

Ведомство басшысы Қарағанды облысында тұрмыстық техника өндірелетінін де атап өтті. 

«Тұрмыстық техника өндірісін қытайлық HTC Corporation компаниясы және Оңтүстік Кореяның Samsung Electronics компаниясы сияқты жаңа инвесторларды тарту арқылы (12 млрд теңге инвестиция, қуаттылығы 400 мың техникаға дейін) Саран қаласындағы Silk Road Electronics ЖШС жұмыс істеп тұрған кәсіпорын базасын ұлғайту жұмысы жүргізіп жатыр», - деді министр.

Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді Bloomberg: Қазақстан маусымда мұнай тасымалын азайтады Павлодарда ер адам сүйіктісін көлікпен қабырғаға қысып, аяғынан айырды Алматы облысында 11-сынып оқушылары баланы қағып кетіп, шындықты жасыруға тырысқан Freedom Travel төңірегіндегі жанжал: отадан шыққан егде жастағы жолаушылар күні бойы әуежайда отырған Украина тұтқынындағы қазақстандық Ресей билігіне үндеу жасады Өскеменде 356 млн теңгені қолма-қол ақшаға айналдырғандардың ісіне шенеунік те араласқан Атырауда қыздың өлімі үшін сотталған мүсіншіге қатысты үкім жойылды Құлсарыдағы ерлі-зайыпты қаза тапқан жарылыстың себебі әшкере болды