Қуандық Бишімбаевтің туыс інісіне тағылған айып өзгеруі мүмкін

29.04.2024, 15:59
739
Қуандық Бишімбаевтің туыс інісіне тағылған айып өзгеруі мүмкін Жоғарғы сот

Экс-шенеунік Қуандық Бишімбаевқа қатысты сот отырысында оның туыс інісіне тағылған айыпты басқа баппен қарау ұсынылды.

 

«Айыптаушы тарап Б. Байжановты ҚР Қылмыстық кодекстің 434-бөлігі бойынша айыптаудан бас тартады. Б. Байжановты Қылмыстық кодекстің 432-бабында көзделген аса ауыр қылмысты алдын ала уәде бермей жасырып, қылмыс жасады деген айыппен қылмыстық істі қарауды жалғастыруды сұрайды. Қылмысты жасыру - сот төрелігіне қарсы тұрудың бір түрі, бұл қылмысты ашуды және кінәліні жауапқа тартуды қиындатады. Сондықтан Б. Байжановқа қатысты айыптаудың жаңа тұжырымын қабылдауыңызды сұраймыз», - деді прокурор Саяхат Нұрбеков. 

Өз кезегінде жәбірленуші тарап өтінішхатты қолдады, ал Б.Байжановтың қорғаушысы судьядан жаңа айыптау актісімен танысуға уақыт беруді сұрады. Осыған байланысты судья үзіліс жариялады, жалғасы 2 мамырға сағат 10:00-ге белгіленді. 

Бақытжан Байжановқа (Қ.Бишімбаевтің туыс інісі) қылмысты жасырып, дер кезінде полицияға хабарламағаны үшін айып тағылған еді. 

Айта кетсек, бүгін сағат 10:00-де басталуы тиіс экс-шенеунік Қуандық Бишімбаевқа қатысты сот отырысы түстен кейінге қалдырылған еді. Судья оның себебін түсіндірді. 

Екібастұзда жасөспірім суға батып кетті Ердоған Әзербайжан мен Ресей арасындағы шиеленіске пікір білдірді Мейірхан Шерниязов түрмеден неге ерте шыққанын түсіндірді (ВИДЕО) «Жалғыз күресіп, қиналып кеттім»: Қымбат Досжан Жәнібекке қатысты қуанышты хабарды жеткізді Алматы әуежайында балаға әйнек сынығы түсіп, жарақат алды Қарағандыда көлік отқа оранып, жеті адам қаза болды (ВИДЕО) «Жиіркенішті»: Көкшетауда ер адам далада тыр жалаңаш шешініп, қыздарды шошытты (ВИДЕО) Назарбаевтың келінінің туған күнінде ресейлік әнші Алсу әндетті Берденовке оқ атты деген Ернар Жиембайдың анасы алғаш рет мәлімдеме жасады (ВИДЕО) Атлант пен Астананың арасы жақындады: Бразилия мен Қазақстанның сыртқы істер министрлері кездесті Қалалардың болашағы туралы халықаралық диалог  – Қызылордадағы Ұлттық Урбан Форумына жол Украина Ресейдің әскери әуе базасына соққы жасады Қазақстандық жас балуандар Азия чемпионатында топ жарды Тоқаев Назарбаевты 85 жас мерейтойымен құттықтады Атырау облысында Ресеймен шекара маңынан тағы да дрон табылды Риддер тұрғыны темекі тұқылы үшін сотқа жүгінген Түркияда оппозиционер әкімдерге қарсы операция кезінде 3 қала басшысы ұсталды Тоқаев бірнеше елдегі елшілерді қызметтен босатты Алматыда Lexus көлігі баланы басып өтіп, көмектеспестен қашып кеткен (ВИДЕО) Чемпион боксшы жарақатына байланысты мансабын аяқтады