Алматы әуежайында туристерге естелік сыйлықтар табыс етілді

01.05.2024, 19:53
981
Алматы әуежайында туристерге естелік сыйлықтар табыс етілді gov.kz/ Алматы қаласының әкімдігі

Кәдесыйды Алматыға 30-ға жуық халықаралық рейспен келген 6 мыңнан астам жолаушы алды.

Қазақстан халқының бірлігі күнін мерекелеу аясында Алматы қаласы туризм басқармасы Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің Алматы қаласы шекаралық бақылау басқармасымен және Алматы халықаралық әуежайымен бірлесіп, «Қонақтарға кәдесый» дайындады, деп хабарлады қала әкімдігі.

Халықаралық терминалға келген әрбір жолаушыға қаланың ұлттық ою-өрнектері мен мәдени көрікті жерлері бейнеленген стикерлер түріндегі символдық сыйлық табыс етілді. 

Қалалық туризм басқармасы хабарлағандай, іс-шара туристерді тартуға және елдегі алғашқы жағымды әсерді («travel experience») қалыптастыруға, халықаралық қонақтардың қала тарихы мен мәдениетін құрметтеуіне және терең түсінуіне арналған.

Қазір Алматы қаласында қазақтар (62,4%), орыстар (20,5%), ұйғырлар (5,4%), корейлер (1,8%), татарлар (1,5%), украиндар (1%), әзербайжандар (0,9%) мен басқа да этностар тұрады.

Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді Bloomberg: Қазақстан маусымда мұнай тасымалын азайтады Павлодарда ер адам сүйіктісін көлікпен қабырғаға қысып, аяғынан айырды Алматы облысында 11-сынып оқушылары баланы қағып кетіп, шындықты жасыруға тырысқан Freedom Travel төңірегіндегі жанжал: отадан шыққан егде жастағы жолаушылар күні бойы әуежайда отырған Украина тұтқынындағы қазақстандық Ресей билігіне үндеу жасады