Қайтыс болған қызға арналған: Kalifarniya «Аспан» әніне қатысты бар шындықты айтты

Аиса Махамбет Редактор
03.05.2024, 16:42
2001
Қайтыс болған қызға арналған: Kalifarniya «Аспан» әніне қатысты бар шындықты айтты бейнежазбадан алынған кадр

Көпшілікке Kalifarniya атымен танымал отандық әнші Фархад Қалиев «Аспан» әнінің шығу тарихын баяндады.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, ол "Taboo" бағдарламасында шығармашылығының шарықтауына септігін тигізген туынды қайтыс болған қызға арналғанын айтты.

Kalifarniya-ның аталған туындысы аз уақытта 16 млн қаралым жинап, көпшіліктің ықыласына бөленді. Алайда бұл туындының тарихын бірі білсе, бірі білмейді. Өнер иесінің өзі де бұл тақырыпта көп сөз қозғамаған. 

"Мен енді көтеріліп келе жатқан кезде басқа қалаларға шыға бастадым. Кейде студия үшін, кейде қыдырып баратынмын. Бірде Атырау қаласына жолым түсті. Өзім өнерде жүрген соң айналамда шығармашылық жандар көп болатын. Олар мені күтіп алды. Осылайша Атырауда 1 айға жуық қонақ болып, бәрімен жақын араласып кеттім. Содан Ақтөбеге оралған соң 2 күннен кейін сол достарымның ішінде бір қыз қайтыс болды. Ал рөлде жігіті болған екен. Ол да біздің танысымыз. Екеуі алты жыл жүріп, спектакль ойнап біткен соң жігіттің анасымен танысуға жолға шығып, апатқа ұшыраған", - деп баяндады Фархад. 

Әншінің сөзінше, бірнеше күннен соң іш-құса болған досы хабарласып, қызы түсіне кіріп жүргенін айтқан. Ол әншіден марқұмға арнап ән жазуын сұраған. 

"Мен ол уақытта "Роза" әніне бейнебаян түсіріп жатқанмын. Бір аптадан соң досым хабарласып, қызының түсіне кіріп жүргенін айтты. Ол "Әсел мені шақырып жатыр. Тоңып жатыр екен. Сол жаққа кеткім келеді" деді.

Мен оны жұбатып, анасы мен қарындасын ойлауын сұрадым. Содан ол өтініш жасап, өзі тыңдайтын ән жазуымды сұрады. Солай "Аспан" әні жарыққа шықты. Бұл ән тек досыма емес, осындай жағдайға тап болған барлық адамға көмектескенін қаладым", - деді әнші.

«Ине мен ойыншықтар таптым»: Айжұлдыз Адайбекова өзіне жасалған сиқыр қастандық туралы ашық айтты (ВИДЕО) Танымал блогер Фариза Төреәлі қайын атасына көлік сыйлап, елдің мақтауын естіді (ВИДЕО) «Бергеннен кейін тастамаймыз»: Жұлдыз Әбдікәрімова бесінші сәбиін асыға күтіп жүргенін айтты Шымкентте балабақша күтушісі 3 жасар баланы ұрып-соққан (ВИДЕО) Ауғанстанның Кош-тепе су каналы құрылысы Арал теңізінің экологиялық дағдарысын ушықтыруда Семейде КамАЗ жүргізушісі велосипедшіні қағып өлтірді Ақмола тұрғынын әйелі құтқарып қалды Атышулы судьяның өлімі: Айгүл Сайлыбаеваны енесі өлтірді деген күдікке ілінді 5 жасар туған қызын суға тұншықтырып өлтірген ана өз еркімен полицияға берілді Алматыда зейнеткерлерді тақырға отырғызған тұрғын ұсталды «Көреалмаушылықтан кетті»: 17 жастағы қыз «жанкүйері» берген торттан уланып өлді Чехияда Ресейдің тапсырмасымен автобус өртеген колумбиялық азамат сотталды «1380 теңге шығынның аз бөлігін жабады»: Онлайн-той ұйымдастырғандар салық төлеуге міндетті Екі күн бұрын лауазымынан кеткен Руслан Жақсылықовтың қамауға алынғаны жалған боп шықты Қытаймен ынтымақтастықтың әлеуеті мен тәуекелі «Ешкім хабарласқан жоқ»: Шерзаттың отбасына уәде етілген баспана үшті-күйлі жоқ (ВИДЕО) Ресей «иноагент» туралы заңды күшейтті: Енді айыппұлдан кейін бірден қылмыстық іс қозғалады Шымкентте ата-анасын ажыратпақ болған қыз әкесінің қолынан зардап шекті Шерзаттың сотын онлайн 40-тан астам ел көрген Ресейлік продюсер АҚШ-та даяшы болып жүрген қазақ әншіге қолдау көрсетті (ВИДЕО)