3022

«Арктикалық суық»: алдағы күндері елімізде күн қайта суытады

Синоптиктер Қазақстанда алдағы күндері күн қайта салқындайды деп болжап отыр. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ жазды.

«Арктикалық суық»: алдағы күндері елімізде күн қайта суытады
ашық дереккөзден

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, "Қазгидромет" РМК түнде термометр бағаны нөлге дейін төмендеуі мүмкін екенін айтты.

Синоптиктердің болжамынша, Қазақстанға 4-6 мамырда қайта арктикалық салқын түседі.

Яғни, көктемнің жылы жайма-шуақ күндерін сезініп үлгермеген еліміздің солтүстік және батыс өңірлерінің тұрғындары қайта арктикалық салқындықты сезінеді.

Мұның себебі – қысым өрістерінің жылдам өзгеруі.

Метеорологтардың хабарлауынша, солтүстік және оңтүстік циклондардың скандинавиялық антициклонмен алмасуы Қазақстан аумағына жауын-шашын мен контраст ауа райын әкеледі. Ал Баренц теңізінен суық ауа массаларының әсер етуі алдымен солтүстік-батыста, солтүстікте, сосын республика орталығында ауа температурасының төмендеуіне әкеледі.

Түнгі уақытта ауа температурасы нөлге дейін төмендеп, жаңбырдың соңы қарға ұласады деп күтілуде.

Дегенмен оңтүстік аймақтарда мол жауын-шашын түсіп, найзағай ойнап, бұршақ жауатынына қарамастан, көктемгі жылу сақталады деп болжанып отыр.

Айта кетейік, бұған дейін синоптиктер мамыр айына арналған ауа райы болжамын ұсынған болатын.

Сондай-ақ олар биылғы жазда Қазақстанда қандай ауа райы қандай болатынын болжаған еді.

Материал авторы