Ұлы Абайдың жиені Балтабек Ерсәлімов өмірден өтті

05.05.2024, 21:43
1091
Ұлы Абайдың жиені Балтабек Ерсәлімов өмірден өтті ашық дереккөзден

Балтабек Ерсәлімов 86 жасында өмірден өтті.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, белгілі өлкетанушы, журналист, ұлы Абайдың жиені, Қазақстанның еңбек сіңірген қызметкері, Семей қаласының және Абай ауданының құрметті азаматы Балтабек Ерсәлімов 86 жасында өмірден өтті. Бұл туралы Мәдениет және ақпарат министрлігі мәлімдеді.

Балтабек Ерсәлімов 1938 жылы 28 ақпанда Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласында дүниеге келген. Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, «Еңбек ардагері», «Тыңға 50 жыл» медальдарының, «Құрмет» орденінің иегері. 

Филолог Балтабек Ерсәлімов белгілі ақын шығармаларын насихаттау ісіне белсене араласып келген. Абай, Шәкәрім, Мұхтар Әуезовтің рухани мұрасын насихаттап, Семейдегі Абай қорының ашылуына ықпал еткендердің бірі. 

1992 жылы «Абай» журналының қайта шыға бастауына айтарлықтай үлес қосты. 1993 жылы баспадан жарық көрген «Абайдың ақын шәкірттері» деген жинақтың жауапты шығарушысы. 

Шавкат Рахмоновтың бұрынғы жары бесінші рет ана атанды Баян Алагөзова өзін «Баян-шаян» деп келемеждеген емшіні сотқа бермек «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім» деген ресейлік әйел қамауға алынды Тұрсынбек Қабатовтың екінші әйелі неге әлеуметтік желіден жоғалып кеткенін ашып айтты «Баспен құлады»: Ақмола облысында 61 жастағы ер адам биіктіктен құлап көз жұмды Боралдайда 70 мың теңге үшін 26 жастағы жігіт қаза тапты Қазақстан мұражайлары мұражай күніне орай TikTok-тың халықаралық бастамасына қосылады «Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды