1183

Алматыда патрульдік полиция көлігінің үстіне ағаш құлады

Алматыда патрульдік полиция көлігінің үстіне ағаш құлады. Оның видеосы әлеуметтік желіде тарады.

Алматыда патрульдік полиция көлігінің үстіне ағаш құлады
instagram.com/100baksoff/

Бұл туралы smartnews.kz хабарлап отыр.

«Апта бойы жауған жауын-шашын салдарынан Нүсіпбеков көшесінде көптеген ағаштың тамыры босап, шіріп кетті. Олардың бірі тоқтап тұрған машиналарға, соның ішінде патрульдік полиция көлігіне құлады», - делінген жазбада.

Алматы полиция департаментінің баспасөз қызметінің мәліметінше, жағдай 7 мамыр сағат 11:15-те Медеу ауданында болды.

Қызметтік көлікте отырған учаскелік инспекторлар зардап шеккен жоқ.