TikTok АҚШ үкіметін сотқа берді

09.05.2024, 12:24
217
TikTok АҚШ үкіметін сотқа берді golosameriki.com

ТikTok және ByteDance компаниясы АҚШ президенті Джо Байден қол қойған тыйымға қарсылық білдіру үшін ел үкіметін сотқа берді.

Бұл туралы «Америка дауысы» хабарлады.

ByteDance өкілдері бұл заң сөз бостандығын қорғайтын Конституцияға енгізілген бірінші түзетуді бұзады деп отыр. АҚШ-та қабылданған заң қытайлық ByteDance компаниясына 8 айдан аз уақыт ішінде TikTok-тың американдық бөлігін сатуға мәжбүр етеді, әйтпесе елде бағдарламаға тыйым салынады.

TikTok және ByteDance өкілдері активтерді сату коммерциялық, технологиялық немесе заңды түрде мүмкін емес дейді.

«Бұл заң TikTok-ты 2025 жылдың 19 қаңтарына дейін шектейтініне және платформаны байланыс үшін пайдаланатын 170 миллион америкалықтардың үнсіз қалдыратынына күмәніміз жоқ», - деді ByteDance өкілдері.

Жаңа заңға сәйкес, егер компания шарттарды орындамаса, Apple мен Google пайдаланушыларға TikTok қолданбасын ұсына алмайды. Интернет-хостинг қызметтеріне де қосымшаны қолдануға тыйым салынады. Заң АҚШ Конгресі TikTok ұлттық қауіпсіздікке қатер төндіруі мүмкін деген алаңдаушылық білдіргеннен кейін қабылданды. Америкалық заң шығарушылар Қытай билігі америкалықтар туралы деректерді қолданба арқылы жинай алады деп сенеді.

Сотқа жолданған шағымда ByteDance компаниясы TikTok-ты мәжбүрлеп сатуға «түбегейлі қарсы» және қолданбаның ең құнды бөлігі саналатын TikTok алгоритмін экспорттауға рұқсат бермейтінін айтқан.

Құжатқа сәйкес, TikTok пайдаланушы деректерін қорғау шараларына 2 миллиард доллар жұмсаған. Сондай-ақ компания АҚШ-қа 90 беттік Ұлттық қауіпсіздік туралы келісім жобасының шарттарын бұзған жағдайда қолданбаны тоқтата тұру құқығын беретін «жою опциясымен» келісті.

"Өшір ананы": мазар басында топыраққа саусақ тығып, сүре оқып жатқандардың видеосы тарады Алматыда жоғалған 22 жастағы жігіттің денесі табылды 21 мамырда Алматыда дабыл белгісі іске қосылады Иран президенті тікұшақ апатынан қаза тапты Қайраттың еңбегі, біз себепкер болдық: Гүлзира Айдарбекова Жұлдыз Әбдікәрімованың қалай танылғанын айтты Ерұлан Жамаубаев жаңа қызметке тағайындалды Әбдіжаппар Әлқожа ұстазына ерекше сыйлық тарту етті (ВИДЕО) Әнші Kalifarniya-ны танымай қалған такси жүргізушісі елді тәнті етті (ВИДЕО) Астанада балабақша қызметкері балаға тамақтың қалдығын берген (ВИДЕО) «Астанаға өңшең намыссыз қазақтар жиналады»: Депутат Абзал Құспан елордалықтарға шүйлікті «7 жыл тергеуші болып жұмыс істедім»: Айдар Асқарбек кино әлеміне қалай келгенін айтып берді Иран президенті мінген тікұшақ апатты жағдайда қонды (ВИДЕО) «Енді маған жазбаңыз»: Сәдуақасова желіде жасын сынап жатқандарға жауап берді «Үндемей шығарып салған ғой»: Нұрлан Қоянбаев мейрамханада қызық жағдайға тап болды (ВИДЕО) "Ішетін адамдармен араласпаймын": Олжас Абай өзі туралы ел білмейтін жайтты айтты Біз оны Тасқынбай деп атаймыз: Құлсары тұрғыны ТЖ кезінде алғашқы сәбиін өмірге әкелді Жас ғалымдар әлемнің озық зертханаларында тәжірибе алмасып жатыр Дзюдодан әлем чемпионаты: Елдос Сметов пен Ғалия Тынбаева алғашқы белдесуінде жеңіске жетті Алдағы бес айда үшінші дүниежүзілік соғыс басталуы мүмкін – Трамп "Көліктің терезесін сындырып, мені алып шықты": Баян Мақсатқызы қызының өзін қалай құтқарғанын айтып берді (ВИДЕО)