981

Жарты сағатта екі бала терезеден құлаған

Еліміздің екі өңірінде жарты сағаттық интервалмен екі бала терезеден құлаған. Бұл туралы ҚР ТЖМ баспасөз қызметі мәлімдеді.

Жарты сағатта екі бала терезеден құлаған
ашық дереккөзден

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Төтенше жағдайлар министрлігі жағдайдың бірі Қарағандыда, екіншісі Семей қаласында болғанын жазды.

Бірінші жағдай Қарағанды облысының Шахтинск қаласында болды. 5 қабатты тұрғын үйдің 2-қабатындағы пәтердің терезесінен екі жасар қыз құлап түскен. Қазір ол ауруханаға жеткізілген.

Екінші жағдай Семей қаласында болған.  Үш жасар кішкентай қыз 2-қабаттағы пәтердің терезесінен құлаған. Жағдайы ауыр, қазір ауруханаға жатқызылды. Екеуі  де ересектердің қарауынсыз қалған.

ТЖМ кішкентай балаларды қараусыз қалдырмауды, ешқашан москит торына сенбеуді және олардың құлаудан қорғауға арналмағанын ескертуде.

Материал авторы