«Назарбаев мені көтерді де, тастады да»: генерал Ертаев атышулы қару сату ісі жайлы құпияларды айтты (видео)

Аиса Махамбет Редактор
09.05.2024, 21:12
848
«Назарбаев мені көтерді де, тастады да»: генерал Ертаев атышулы қару сату ісі жайлы құпияларды айтты (видео) бейнежазбадан алынған кадр

Генерал тапаншаға екі оқ салып, өзін атып өлтірмек те болған.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, генерал-лейтенант, «Халық қаһарманы» Бақытжан Ертаев Қазақстан әскерін реформалау, еліміздің Қарулы күштерінің қалыптасуы жолында ұзақ жыл еңбек еткен. Ол Halyq Uni журналисіне берген сұқбатында 1996 жылғы атышулы қару сату ісі бойынша 43 күн тергеуде болғанын айтып берді. 

«Назарбаев мені көкке де көтерді, құзға да тастады. Бірақ мен ләм-лим демедім, себебі мен солдатпын. Осы оқиғаға қатысым болса, қасыңызда отырмас едім. Жауапты басқа жерде берер едім. Өкінішке қарай, мені тергеуге алды. Генштаб бастығымын ғой. Мен шегінбеймін дедім. Шашым ауған соғысы емес, МиГ-тен ағарды. Ешнәрсеге қол қойған жоқпын. Бұл – Қорғаныс министрінің шешімі деп көрсеттім. Талай қудалады, не көрмедім», - деп еске алды ол.

Генерал тапаншаға екі оқ салып, өзін атып өлтірмек те болған. 

«Генерал түрмеге бармауы керек. Генерал атылып өлуі керек. Егер абыройы болса... Өмірдің аты өмір, жұбайым жас. «Әкем неге атылып өлді» деп екі балам сұраса, «абырой - имеет честь» деп айт деп тапсырдым. Шындық үшін күресу керек, мойымау керек. Ақыры мен ақталып шықтым», - деді Бақытжан Ертаев. 

Айта кетелік, 1996 жылы Қазақстаннан Солтүстік Кореяға кетіп бара жатқан эшелон зенит зеңбіректері Ресей аумағында ұсталған. Алайда оқиға халықаралық баспасөзге белгілі болып, Қазақстан тоталитарлық режимдегі елдерге қару сатып отыр деп ақпарат тараған. 

Генерал-лейтенант, «Халық Қаһарманы» Бақытжан Ертаев 1952 жылы Жамбыл облысының Жуалы ауданындағы Кеңес ауылында дүниеге келген. 1973-1985 жылдары Алматы қаласындағы жалпы әскери командалық училище мен М.В.Фрунзе атындағы әскери академияны тәмамдаған. Бұдан соң ұзақ жыл әскери салада басшылық қызметтер атқарды. 1998 жылы ҚР Қарулы күштері Бас штабының бастығы, 1997-2000 жылдары Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары, 2002 жылы ҚР Қарулы күштері Әскери академиясының бастығы лауазымдарын атқарған.

Бақытжан Ертаев сұқбатында Қазақстан армиясының әлеуеті, Кеңес Одағы батырларының аты берілген «Айбын» орденінің маңызы, совет-ауған соғысының ақиқаты жайында әңгімеледі. Генералдың айтуынша, 1,5 млн ауған азаматы, 14 мыңнан астам совет солдаты мерт болған соғыста жауынгерлер өзіне қандай міндет артылғанын білмеген.

«Қан кетіп, жүрегі соқпай қалды»: Майра Мұхамедқызы 43 жасында тұңғыш қызын қалай өмірге әкелгенін айтты Белгілі журналист Бибігүл Дәулетбекқызы марқұм Нұрғанатты марапаттау керегін айтты «Өзі қолыма құлап өлді»: ер адам 86 жастағы анасын өлтіріп, оны оқыс жағдай ретінде көрсетпек болған «Ақша төлеуің керек»: Баян Мақсатқызының жаңа жобасын әйелдер қауымы сынға алды (ВИДЕО) Қарағандыдағы сатушы қыздың өлімі: қаскөй өз өміріне қауіп төніп тұрғанын айтты «Ақтөбе» футбол клубында 250 млн теңге ақша жымқырылған Атыраулық жүкті әйелді тонап, өлтіріп кеткен күдіктінің фотосы жарияланды Ақбота Керімбекова ұлының тойына келмеген бұрынғы күйеуіне ренішін жеткізді «Мина жарылып кеткен»: Көшеде жатқан затты тепкен 11 жасар бала комаға түсті «Жігертай мұның қалай болды?!»: Жігер Ауыпбаевтың үйленгені пранк болып шықты АҚШ соты «Азаттық радиосына» 12 миллион доллар төлеуді міндеттеді «Қазынаны толтырудың амалы»: Енді қажылық ережесін бұзғандар ірі көлемде айыппұл төлейді Ақтауда қақтығыстан кейін ер адам қаза тапты Үш донордың бүйрегін бір уақытта ауыстырған дәрігергерге Президент Алғыс хат жолдады «Көрмеген азабым жоқ»: Әнару Құрманалиева соттың әлі жалғасып жатқанын айтты АҚШ Еуропаға Путинмен келіссөзді тығырыққа тірегенін жеткізген Атырауда басшылық қызметте болған жүкті әйелді өз үйінде қатыгездікпен өлтіріп кеткен Интернет ғаламындағы алғашқы жұлдыздар: Amazon спутниктерін ғарышқа ұшырды Шерзаттың отбасын қорғаушы адвокат өзіне қастандық жасалғанын айтты Ұландықтар 250 мың құм толы қап дайындады: Петропавлда су тасқынына қарсы жұмыстар жалғасуда