Бірнеше өңірде ескерту жарияланды: 10 мамырға арналған ауа райы болжамы

10.05.2024, 10:28
1165
Бірнеше өңірде ескерту жарияланды: 10 мамырға арналған ауа райы болжамы Delfi.ru

Бүгін ауа райы қандай болады?

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, "Қазгидромет" синоптиктері 10 мамыр, жұма күні еліміздің 15 өңірінде ауа райына байланысты дауылды ескерту жариялады.

Синоптиктер Астанада өткінші найзағай ойнап, бұршақ жаууы мүмкін деп болжап отыр.

Шымкентте таңертең және күндіз кей жерлерде нөсер жаңбыр жауады. Кейде найзағай ойнап, бұрқасын болады. Солтүстік-батыстан жел соғады, найзағайдың екпіні 15-20 м/с.

Күндіз Абай облысының батысында және солтүстігінде найзағай ойнайды. Облыстың оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады.

Ақмола облысының солтүстігінде, шығысында және оңтүстігінде найзағай ойнап, бұршақ жаууы мүмкін.

10 мамырда түнде Ақтөбе облысының батысында, солтүстігінде және орталығында 3 градус үсік жүреді. Облыстың оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады. Ақтөбеде түнде 1-3 градус үсік жүреді.

Алматы облысының таулы аймақтарында найзағай ойнайды. Оңтүстік-батыстан, шығыстан, орталықта жел соғады. Облыстың таулы өңірлерінде екпіні 18-23 м/с жетеді. Қонаевта 10 мамырда күндіз оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 18 м/с болады.

Жамбыл облысының таулы аймақтарында нөсер жаңбыр жауады. Күн күркіреп, бұршақ жауады. Тараздың кей жерлерде найзағай ойнап, бұршақ жаууы мүмкін. Солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с.

Батыс Қазақстан облысында күндіз оңтүстік-батыстан, солтүстік және шығыста батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с жетеді. Түнде облыстың солтүстігінде топырақ бетінде 2 градус үсік жүреді. Облыстың батысында, оңтүстігінде және орталығында жоғары өрт қаупі сақталады. Оралда 10 мамырда түнде 2 градус үсік жүреді.

Қарағанды облысының батысында, солтүстігінде және оңтүстігінде найзағай ойнайды. Жел батыстан, облыстың оңтүстігінде солтүстік-батыстан соғады, екпіні 15-20 м/с. Облыстың батысы мен оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады.

10 мамырда Қостанай облысының батысында және оңтүстігінде түнде және таңертең тұман түседі. Қостанайда солтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні 15-20 м/с.

Күндіз Қызылорда облысының оңтүстігінде найзағай ойнайды. 10 мамырда батыста, облыс орталығында жоғары өрт қаупі сақталады.

Павлодар облысының солтүстігі мен оңтүстігінде найзағай ойнайды. Облыстың солтүстігі мен шығысында солтүстік-батыс жел соғады, екпіні 15-20 м/с. Павлодарда солтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні 15-20 м/с болады.

Солтүстік Қазақстан облысының шығысында түнде найзағай ойнайды. Петропавлда солтүстік-батыстан жел соғады.

Түркістан облысының оңтүстігінде, батысында, таулы және тау бөктеріндегі аймақтарында нөсер жаңбыр, найзағай, бұрқасын болып, күндіз таулы аймақтарда бұршақ жаууы мүмкін. Солтүстік-батыстан жел соғады, найзағайдың екпіні 15-20 м/с. Облыстың шөлейт аймақтарында жоғары өрт қаупі сақталады. Түркістанда кей жерлерде найзағай ойнап, бұрқасын болады. Солтүстік-батыстан жел соғады.

10 мамырда түнде Ұлытау облысының оңтүстігі мен шығысында найзағай ойнайды. Батыстан жел соғады. Облыс орталығында жоғары өрт қаупі сақталады.

Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді Bloomberg: Қазақстан маусымда мұнай тасымалын азайтады Павлодарда ер адам сүйіктісін көлікпен қабырғаға қысып, аяғынан айырды Алматы облысында 11-сынып оқушылары баланы қағып кетіп, шындықты жасыруға тырысқан Freedom Travel төңірегіндегі жанжал: отадан шыққан егде жастағы жолаушылар күні бойы әуежайда отырған Украина тұтқынындағы қазақстандық Ресей билігіне үндеу жасады