971

Шавкат Рахмонов әлемнің үздік 20 файтерінің тізіміне енді

Салмақ дәрежесіне қарамастан үздік 20 файтер қатарына кірді.

Шавкат Рахмонов әлемнің үздік 20 файтерінің тізіміне енді
ашық дереккөзден

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, қазақстандық аралас жекпе-жек шебері Шавкат Рахмонов cалмақ дәрежесіне қарамастан үздік 20 файтердің рейтингіне (P4P) енді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ жазды.

Mmafighting.com cайтына жарияланған аталған рейтингте Рахмонов 20-орынға жайғасқан. Бұл тізімге қазақстандық аралас жекпе-жек шебері алғаш рет қосылып отыр. Рейтингте Ислам Махачев көш бастап тұрса, Алекс Перейра екінші, Леон Эдвардс үшінші орынға табан тіреген. 

Фото: mmafighting.com 

Шавкат Рахмонов соңғы жекпе-жегін 2023 жылы желтоқсанда Лас-Вегас (АҚШ) қаласында өткізіп, америкалық файтер Стивен Томпсонды мерзімінен бұрын жеңген еді. Шавкаттың MMA-дағы рекорды – 18-0. 

Айта кетейік, DAR Team командасының бас бапкері Эдуард Базров қазақстандық файтер Шавкат Рахмоновтың UFC-дегі келесі жекпе-жегі қашан өтуі мүмкін екенін айтқан болатын.

Материал авторы