Қазір мүмкін емес – Құспан Бишімбаев жазадан Назарбаевтан кешірім алғандай құтыла алмайтынын айтты

10.05.2024, 17:16
1090
Қазір мүмкін емес – Құспан Бишімбаев жазадан Назарбаевтан кешірім алғандай құтыла алмайтынын айтты kazgazeta.kz

Назарбаевтың тұсында кім одан кешірім сұраса – сол жазадан құтылып кететін. Қазір мұндай жасау мүмкін емес дейді депутат.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, белгілі заңгер әрі Парламент Мәжілісінің депутаты Абзал Құспан экс-министр Қуандық Бишімбаевтың сотынан түйген ойларын әлеуметтік желіге жариялады. Оның айтуынша, экс-президент Назарбаевтың тұсында кім одан кешірім сұраса – сол жазадан құтылып кететін. Қазір мұндай жасау мүмкін емес дейді депутат.

Әлемжелідегі жазбасында “Бишімбаев ісі һәм сот жүйесі туралы” деп жазған адвокат Қазақстанның сот жүйесі ауқымды өзгерісті бастан өткеріп жатыр деп есептейді. Жазуынща, дәл қазір бүкіл Қазақстан экс-министр Бишімбаев ісін қадағалап отыр. Себебі іс тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қатысты. Ал аталған мәселе қоғамда ушығып тұр. 

– Сот процесі ашық өтіп жатыр. Кез келген адам YouTube желісінен отырысты тамашалай алады. Тіпті, бұл іс ел ауқымынан шығып, Washington Post, Al Jazeera секілді алпауыт медиаларда айтылды. Бұған дейін Парламент мінберінен бірнеше рет  судьяларға, сот жүйесіне қатысты сын айтқан едім. Қазір ескі Қазақстанның сарқыншақтары жойылып, Президент тапсырмасына сәйкес ашықтық қалыптасып келе жатқанына куә болып отырмыз, – дейді ол.

Депутат Бишімбаев ісінің тікелей эфирден көрсетілуі халықтың құқықтық сауатын арттыратынын, енді, азаматтар сот отырысы қалай өтетінін, қорғаушылардың міндетін, сот пен прокурордың қалай жұмыс істейтінін үйренетінін айтады. Мұның бәрі, әлбетте, оң өзгерістер. Ең бастысы – осы арқылы қоғамның сот жүйесіне, оның әділдігіне сенімі арта бастады дегенге сенімді депутат. Өйткені, ашық өткен процесте біреу-міреуді сатып алу мүмкін емес.

– Бұл іс – бүкіл халықтың назарын аударған алғашқы сот отырысы. Алматыда автобус жүргізушісін ұрған адамға қатысты сот отырысы да тікелей эфирде көпшілікке көрсетілді. Сонымен қатар Қарағандыда жедел-жәрдем көлігі жүргізушісін ұрған адамға қатысты іс те онлайн көрсетілді. Ескі Қазақстанда сот отырыстары жабық өтіп, кім нені қарап жатқаны, істі қалай саралап жатқан белгісіз болатын. Бұған дейін Қуандық Бишімбаевтың сотталып, кейін босап шығуы да осы себепті еді. Кім Назарбаевқа жақын болды не кешірім сұрады, сол жазадан оңай құтылатын.

Қазір бұлай жасау мүмкін емес. Сот отырысын тікелей эфирден көрсету арқылы, оған алқабилерді қатыстыру арқылы сот жүйесінің ашықтығын қамтамасыз етіп отыр. Әрине, бұл бағытта атқаратын жұмыс жетерлік. Сот жүйесіне, алқабилерге қатысты заң жобаларын әлі де жетілдіру керек. Бірақ ең бастысы, сең қозғалды. Енді оны тоқтату мүмкін емес! – дейді депутат.

Екібастұзда жасөспірім суға батып кетті Ердоған Әзербайжан мен Ресей арасындағы шиеленіске пікір білдірді Мейірхан Шерниязов түрмеден неге ерте шыққанын түсіндірді (ВИДЕО) «Жалғыз күресіп, қиналып кеттім»: Қымбат Досжан Жәнібекке қатысты қуанышты хабарды жеткізді Алматы әуежайында балаға әйнек сынығы түсіп, жарақат алды Қарағандыда көлік отқа оранып, жеті адам қаза болды (ВИДЕО) «Жиіркенішті»: Көкшетауда ер адам далада тыр жалаңаш шешініп, қыздарды шошытты (ВИДЕО) Назарбаевтың келінінің туған күнінде ресейлік әнші Алсу әндетті Берденовке оқ атты деген Ернар Жиембайдың анасы алғаш рет мәлімдеме жасады (ВИДЕО) Атлант пен Астананың арасы жақындады: Бразилия мен Қазақстанның сыртқы істер министрлері кездесті Қалалардың болашағы туралы халықаралық диалог  – Қызылордадағы Ұлттық Урбан Форумына жол Украина Ресейдің әскери әуе базасына соққы жасады Қазақстандық жас балуандар Азия чемпионатында топ жарды Тоқаев Назарбаевты 85 жас мерейтойымен құттықтады Атырау облысында Ресеймен шекара маңынан тағы да дрон табылды Риддер тұрғыны темекі тұқылы үшін сотқа жүгінген Түркияда оппозиционер әкімдерге қарсы операция кезінде 3 қала басшысы ұсталды Тоқаев бірнеше елдегі елшілерді қызметтен босатты Алматыда Lexus көлігі баланы басып өтіп, көмектеспестен қашып кеткен (ВИДЕО) Чемпион боксшы жарақатына байланысты мансабын аяқтады