Қазақстандық жастар оқу жылында 10-12 кітап оқиды

11.05.2024, 11:14
770
Қазақстандық жастар оқу жылында 10-12 кітап оқиды egemen.kz

Биыл оқырмандар 1 млннан астам кітапты жүктеп алып оқыған.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, ҚазҰЭК кітапханасы ақпараттық жүйесінің көрсеткіші бойынша ең белсенді оқырмандар – жастар (51%), 27%-ы профессор мен оқытушылар құрамы, мемлекеттік қызметшілер және түрлі сала мамандары. 

Ең көп оқылатын әдебиет – салалық әдебиет (философия, медицина, математика, өнер және т.б.) – 69%, көркем әдебиет – 31%.

Егер статистикаға сүйенетін болсақ, медицина туралы кітаптарды – 23059, психология – 6918, дін – 2305, география – 12105 оқырман сұраған. Көркем әдебиет кітапхана оқырмандары арасында да сұранысқа ие.

Көркем әдебиетті түрлі жанрларға бөліп қарастырсақ, романдар – 33%, детективтер – 19%, тарихи беллетристика – 15%, қиял-ғажайып – 13%, шытырман оқиға – 12%, балалар әдебиеті – 8%.

Электронды кітапхананың (ҚазҰЭК) деректеріне сәйкес, осы жылдың бірінші тоқсанында оқырмандар кітаптарды – 1 331 503, мерзімді басылымдарды – 178 623, авторефераттар мен диссертацияларды – 81 524, аудио-бейне құжаттарды – 24 492 рет жүктеп оқыған және сайтқа әлемнің 102 елінен пайдаланушы кірген.

Қазақстандық жастар жылына орташа есеппен 10-12 кітап оқиды. Сүйіп оқитын кітаптар қатарында ХХ ғасыр мен қазіргі заманғы балалар жазушыларының шығармалары бар. Жастар арасында жауап берген респонденттердің көпшілігі жиі кітап оқиды. Мәселен, білім алу үшін – 55%, оқуды міндет ретінде қабылдайтындар – 5%, кітап оқуды ұнататындар – 40%.

Боралдайда 70 мың теңге үшін 26 жастағы жігіт қаза тапты Қазақстан мұражайлары мұражай күніне орай TikTok-тың халықаралық бастамасына қосылады «Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды