«Жасанды интеллект арқылы жасаған»: Қырғызстан президенті ағасына қатысты атышулы іске пікір білдірді

Аиса Махамбет Редактор
11.05.2024, 13:15
650
«Жасанды интеллект арқылы жасаған»: Қырғызстан президенті ағасына қатысты атышулы іске пікір білдірді 24kg

Қырғызстан президенті Садыр Жапаров ағасының елден заңсыз алтын шығаруға қатысы бар деген видеоға қатысты пікір білдірді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Кабар басылымына сілтеме жасап жазды.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Садыр Жапаров қаншама адам бейнебақылау камерасы арқылы бақылап отырған кеніштен алтын ұрлау мүмкін емес екенін айтты. 

"Мен бұл видеоны көргенде күлдім. Алтын ұрлап, шетелге апарып жатқандар осындай видеоларды өздері түсіріп, әлеуметтік желіге тарата ала ма? Бүгінде елімізде мемлекеттік алтын кеніштерінен бір тонна, тіпті бір грамм алтын ұрлау мүмкін емес. Қара-Балта қаласындағы үкіметке тиесілі барлық алтын кен орындарына және мұнай өңдеу зауытына бейнекамералар орнаттық, барлық хабарлар онлайн режимде бақыланады. Бейне тәулік бойы түсіріліп, компьютерге жазылады. Мыңдаған сарапшылар нақты уақыт режимінде камераларды көріп отыр. Бір грамм алтын ұрлау ешкімнің түсіне де кірмейді. Мұны бәрі жақсы біледі ", - деді Жапаров.

Қырғызстан президентінің сөзінше, оның бауырлары мен отбасы мүшелері шетелге ешнәрсе экспорттамайды, керісінше елге шетелден импорттайды. Жапаров президенттік мерзімінің соңында туыстарымен бірге инвестиция ретінде жиналған қаражат туралы есеп беретінін жеткізді.

"Уақыт бәрін өз орнына қояды. Қазір жасанды интеллект арқылы кез келген адамның даусын қойып бейнеролик жасауға болады. Өткен жылы менің дауысым қойылған жарнаманың видеосын көргенде таңғалған едім. Бұл сөздерді қашан және қайда айтқанымды білу үшін баспасөз хатшысына телефон соққанымда, видео компьютердегі жасанды интеллект арқылы жасалған болып шықты", – деп түйіндеді сөзін Садыр Жапаров.

Айта кетейік, 7 мамырда әлеуметтік желіде алтынға ұқсайтын құймалардың видеосы тарап кеткен. Видео авторы құймалардың жөнелтуге дайын екенін айтып, біреуге "бастық" және "Сабыр ава" деп сөйлеген. Қолданушылар видео Қырғызстан басшысының ағасы Сабыр Жапаровқа қатысты деп болжаған еді. 

Боралдайда 70 мың теңге үшін 26 жастағы жігіт қаза тапты Қазақстан мұражайлары мұражай күніне орай TikTok-тың халықаралық бастамасына қосылады «Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды